Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тарихымыздан сыр шертетін кинотрилогия - АРҚА АЖАРЫ

Тарихымыздан сыр шертетін кинотрилогия

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Ақкөл ауданындағы «EQUUS» деректі трилогиясының түсірілім алаңына арнайы барып, жұмыс барысымен танысып қайтты.

«Қазақстан РТРК» АҚ мен «Clearwater Documentary Inc» компанияларының екі жақты меморандумына сәйкес, фильм Қазақстан аумағында қазақ және орыс тілдерінде тарату құқығына ие болып, сондай-ақ, халықаралық ақпарат таратушы қызметін атқарады. Кинотрилогияның режиссері – канадалық Найоби Томпсон. Продюсері – қазақстандық Нұрбол Баймұханов. Фильмді латыннан тәржімалайтын болсақ, жылқы деген мағынаны білдіреді. Түсіру жұмыстарына шетелдің кәсіби кинематографтары, арт-дизайнерлері мен дыбыс режиссерлері тартылған. Продюсер Нұрбол Баймұхановтың айтуынша, негізгі мақсат – көшпелі халықтың ежелгі тұрмыс салтын қаз-қалпында көрсету болып табылады.
Жобаның ғылыми кеңесшісі, тарих ғылымдарының докторы, археолог Виктор Зайбер Ақкөл аумағының тылсым сырлы табиғатын тамсана тілге тиек етуде.  Ғалым Ботай мәдениеті арқылы әлемде алғаш рет  жылқы қазақ жерінде қолға үйретілгені нақты дәлелденгенін жеткізді. Андроновтар мәдениеті туралы бөлімді Алматының баурайында түсіретін болса, аңшылар-терімшілер бұла табиғаты бар Бурабайда  жүзеге асады.  
Жобаның арт-директоры Жанат Баймұқановтың айтуынша фильмге қажетті костюм мен декарациялардың барлығы ғылыми жазбаларға сүйене отырып жасалған. Баспасөз турын қорытындылаған министр Дәурен Абаев өз ойын былайша сабақтады: «Елбасының мақаласынан кейін біз осындай жобаны қолға алған болатынбыз. Аталмыш туынды арқылы Қазақстан жері өркениеттің орталығы болғанын әлемге танытуға үлкен мүмкіндік туып отыр. Әлем ғалымдары жылқының ең алғаш қолға үйретілген жері Қазақстан аумағы деп дәлелдеп отыр. Осы фильмнің арқасында жылқыны ең алғаш біздің ата-бабаларымыздың қалай үйреткенін  әлем тамашалайтын болады. Бұл Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджін еселеп, тарихы мен мәдениетіне қызығушылығын арттыра түседі. Деректі фильм 28 тамыздан бастап түсіріле бастайды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Ерназар ауылы.
Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар