Көкшетау қаласында жасөспірімдер мен балғындар арасында триатлоннан Қазақстан Республикасының кубогы мен чемпионатының төртінші кезеңі үшін жарыс өтті.
Ағымдағы жылдың 11-13 тамызы аралығында ұйымдастырылған жарыста ақмолалық спортшылар табысты өнер көрсетті. Жарыстың алғашқы күні ел кубогы үшін өткен тартыста ұлдар мен қыздар арасында жерлестеріміздің мерейі үстем болды. Оның ішінде Денис Туницкий мен Надежда Бекмағамбетова жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, Никита Курганский мен Ашраф Камалова екінші, Владислав Скляров пен Яна Зимницкая үшінші орыннан көрінді.
Ал, екінші күні ел чемпионатының жүлдесі үшін болған додада Темірлан Теміров алтын медальге ие болса, Мейірлан Ысқақов пен Аян Бейсенбаев екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.