Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
АҚШ елшісімен кездесті - АРҚА АЖАРЫ

АҚШ елшісімен кездесті

Облыс әкімі  Мәлік  Мырзалин АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Кролды қабылдап, аймағымыз бен АҚШ  мемлекеті арасындағы экономикалық  байланыстардың қазіргі жайы мен болашағы туралы әңгіме өрбітті. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Асхат Қайнарбеков пен бірқатар облыстық басқармалардың басшылары қатысты.

– Еліміздегі  ірі аграрлық аймақ саналатын Ақмола облысы астықтың 25 пайызын өндіреді және жыл сайын шетелдерге 2 миллион тоннадай бидай экспорттайды, – дей келе, аймақ басшысы  АҚШ мемлекеті мен астаналық облыстың сауда қатынасы өкінішке орай, оншалықты жоғары дәрежеде еместігін, қазіргі күні ол 30 миллион доллар көлемінде ғана екендігін және оның басым бөлігі АҚШ-тан әкелінетін импорттық тауарлардың үлесіне тиетіндігін  атап өтті. – Облысымызда американдық инвес-торларды қызықтыратын ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп, туризм саласындағы жобалар аз емес. Біз сондай жобаларға қатысқысы келетін инвесторларға заң шеңберінде барлық мүмкіндіктер жасауға әзірміз, – деді өңір басшысы. Көкшетау қаласында салынатын жылу-электр орталығының құрылысына АҚШ инвесторлары қызығушылық танытып отыр. Жоба құны 300-350 миллион долларды құрайды.
Өз кезегінде АҚШ елшісі үш жылдан бері Қазақстанда еңбек етіп келе жатса да Көкшетауға бірінші рет жолы түсіп отырғандығын, астаналық облыстың орталығы шапшаң қарқынмен дамып келе жатқандығын және өзіне жылы әсер қалдырғандығын айтты. «Туризм саласын дамытуға мол мүмкіндігі бар Щучинск-Бурабай курортты аймағы орналасқан облыста американдық инвесторларды қызықтыратын жобалар аз болмасы анық», – деген елші  таяуда АҚШ энергетика министрі Ричард Пери бастаған делегацияның ЭКСПО-ны көру үшін Астанаға келетінін, сол кезде американдық делегация өкілдерінің астаналық облыста да болатынын, мұның екіжақты тиімді байланысты нығайтуға игі ықпалы тиеді деп үміттенетіндігін атап өтті. Сонымен бірге, елші биылғы жылдың қазан
айында Алматыда өткізілетін Орта Азия елдерінің бизнес өкілдері қатысатын үлкен басқосуға Ақмола облысының өкілдері де қатысса, бұның да екіжақты экономикалық байланысты нығайтуға ықпалы болар еді деген өтінішін құлаққағыс етті.
Кездесу соңында облыс басшысы АҚШ елшісіне естелік ретінде көркем Бурабайдың  көрінісі бейнеленген портретті сыйға тартса, өз кезегінде елші де облыс әкіміне естелік сыйлық тапсырды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар