Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қаражат қайда жұмсалады? - АРҚА АЖАРЫ

Қаражат қайда жұмсалады?

Облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқын қорғау жөніндегі департамент бірқатар коммуналдық нысандарға баспасөз турын ұйымдастырды. 

Баспасөз туры барысында «Көкшетау Су арнасы» мен «Көкшетау Жылу» кәсіпорындары сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесін қалпына келтіру, қондырғыларды жөндеу, өндіріске жабдықтар сатып алу бойынша 2016 жылғы инвестициялық бағдарламалардың жүзеге асырылғаны жөнінде есеп берді. Департамент басшылары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірге суды тазалайтын станция мен № 2 аудандық бу қазандығында болды.
– «Көкшетау Су арнасы» мен «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары 2016-2020 жылдары реттелетін қызмет тарифтерінің шекті деңгейін бекітті. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының келісімі бойынша тарифтердің шекті деңгейі аясында инвестициялық бағдарламалар жасалып, қабылданды. Осыған сәйкес, табиғи монополиялардың субъектілері инженерлік жүйелер мен қондырғыларды жөндеді, өндіріске негізгі жабдықтар сатып алды. Бұл қызмет сапасының артуына, қондырғылар жұмысының сенімділігіне, қызметтің өзіндік құнын азайтуға және коммуналдық қызметтер тарифтері деңгейін ұзақ мерзімге тұрақтандыруға ықпал етеді,–деді облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқын қорғау жөніндегі департамент басшысының орынбасары Әсет Құрашев.
2016 жылғы сумен қамтамасыз етудің және су таратудың реттелетін қызметі бо-йынша «Көкшетау Су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының инвестициялық бағдарламасында 102,3 миллион теңгенің шараларын орындау қарастырылған. Кәсіпорын өткен жылы жоспарланған шараларды толық көлемде орындады. Оның ішінде жалпы қашықтығы 12,1 шақырым су құбырлары мен кәріздің кварталішілік апатты жүйелері ауыстырылды. Суды тазалайтын станцияда үш сүзгіш жөнделіп, металл құрылымы мен кварцтік құмы ауыстырылды, «Көкшетау Су арнасы» кәсіпорнының бас инженері Юрий Шенгальцтің айтуынша, кәсіпорынның өзекті мәселелерінің бірі – тұтынушыларды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Су қалаға Көкшетау топтық су құбырынан және Шағалалы су қоймасынан беріледі.
– Шағалалы су қоймасының суы құмнан өткізу арқылы сүзгіш станциясында санитарлық норма талаптарына сәйкес тазаланады. Суды сүзу кварцтік құмды жиі жаңартуды талап ететін ескірген технология. Бір сүзетін элементтегі құм 50 тоннаны құрайды. Өткен жылы алты сүзгіштің үшеуін жөндеп, құмын ауыстырдық, – дейді бас инженер.
Сондай-ақ, Капцевич көшесі бойындағы сумен қамтамасыз ету жүйесі жаңғыртылды. Воровской көшесіне жаңа су құбыры тартылды. Нәтижесінде орталықтан қамтамасыз етілетін су құбырына 84 және 19 жаңа абонент қосылды. Инвестициялық бағдарламалар аясында кәріздік жүйенің апаттық учаскелері ауыстырылды. Жаңа су сорғыштар сатып алынды. 2016 жылы миллиардтан астам теңгенің инвестициялық бағдарламалары бойынша «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында қандай жұмыс атқарылғаны жөнінде кәсіпорын басшысының орынбасары Ержігіт Түнқатаров айтып берді. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қарызға алынған қаржы есебінен Қопа көлі жағалауындағы тұрғын үйлердің инженерлік жүйесі қалпына келтірілді. Краснояр селосындағы бу қазандығының құрылысы аяқталды. Инвестициялық міндеттеме өз қаржысы есебінен толық көлемде орындалды. Оның ішінде «Жайлау НПС» су сорғыш агрегаттары, жылу магистралінің компенсаторлары, жылу көзінің экономайзер, электрсүзгіштері тәрізді өзге де қондырғылары ауыстырылды.

Рамазан ТІЛЕУОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар