Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Екі елдің жас ғалымдары бас қосты - АРҚА АЖАРЫ

Екі елдің жас ғалымдары бас қосты

Елімізде тұңғыш рет өткізіліп жатқан «Burabay Forum: Қазақстан және Ресей ынтымақтастығы» атты жас ғалымдардың халықаралық форумы Астана қаласында басталып, Бурабай аймағында жалғасты.

Мәнді шара еліміздің Тұңғыш Президенті қорының бастамасымен және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық және Назарбаев университеттерінің қолдауымен ұйымдастырылды. Ашылуы мен пленарлық мәжілісі Астанадағы Назарбаев орталығында өткен алқалы жиынға екі елдің жас ғалымдары қатысып, транс-шекаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, олар форум аясында ғылыми-теориялық әрі тәжірибелік зерттеулерін жүзеге асырудың жолдарын қарастырды.  Жас ғалымдар баламалы энергияны, био және нанотехнологиялар саласын дамыту бойынша өздерінің жаңалықтарын ұсынды. Форумға жиналған ғалымдар мемлекеттер шекарасында ұзақ мерзімді экономикалық өсу орталықтарын дамыту қажет деп есептейді.  
– Екі елдің ғалымдары бірлесе жұмыс істеп, жаңа технология табу арқылы үлкен компаниялармен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Мәселен, біздің жас ғалымдарымыз бидайдың жаңа сортын дайындады. Яғни, Солтүстік Қазақстан облысынан келген ғалымдардың бірі өте қатты суыққа шыдайтын бидайдың түрін ұсынып, оны ауыл шаруашылығы саласында пайдаланудың жолдары мен технологияларын ұсынды. Оны жүйе ретінде осындай форумдар арқылы ашпасақ, ешкім көрмейді де, білмейді де, – дейді Тұңғыш Президент қорының жанындағы жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Махмұт Томанов.
Жас ғалымдар екі елде орын алып жатқан экономикалық, экологиялық, биологиялық мәселелерді талқылай келе, ауыл шаруашылығы саласында егінді бүлдіріп жатқан шегіртке секілді жәндіктермен күресудің жолдарын анықтап, оларды улайтын жаңадан биопестицидтерді ойлап тапқандығын айтты. Жәндіктерді жоятын аталмыш химиялық қосынды Қазақстанда да ауыл шаруашылығында қолданылып, сынақтан өткізіліп, тексерілетін болады.  
Түрлі секцияларда өз бағыттары бойынша ғылыми баяндамаларын жасап болған соң жас ғалымдар табиғат аясында өткізілген ұлттық экономикалық зерттеулер бюросының директоры Қасымхан Қапаровтың тренингіне қатысты.
Ырысалды ШАМШИЕВА.
Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар