Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әрқашан абырой биігінде - АРҚА АЖАРЫ

Әрқашан абырой биігінде

Нағыз адамға тән асыл қасиет – турашылдық пен уәдеге беріктік, жауапкершілік пен адалдық. Бұл мінез ер азаматтың ел алдындағы беделін өсіріп, қадірін арттырады, арман биігіне жетелейді. Мұны айтып отырған себебім, менің кейіпкерімнің бойында дәл осындай қасиеттер тұнып тұр. Әбділрахман Мадияров қай салада қызмет істесе де, үнемі абырой биігінен көрінді. 

Әбділрахман Мадияровпен тағдыр мені 1999 жылы жаңа мыңжылдықтың алдында таныстырған еді. Бұл мемлекетіміз біраз уақытқа созылған дағдарыс кезеңін басынан өткеріп, бір экономикалық формациядан екіншісіне, яғни, нарыққа ойыса бастаған қайта құрылу кезеңі болатын. Сол уақытта мен Целиноград ауданының еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасын басқардым, ал, Әбділрахман Советұлы облыстың әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру департаментінің басшысы болды.
Ол басшылыққа келген уақыттан бас-
тап, аудандық бөлімдердің, басқармалар мен департаменттің жұмыстары нәтижесін көрсете бастады. Аз ғана мерзім ішінде ол облыста және аудандарда жұмыссыздық деңгейін азайту, кедейшілікті төмендету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша қабылданған республикалық және облыстық бағдарламалар аясында мүгедектерді оңалту және интернат-үйлердің қызметін үйлестіру жұмыстарын жақсы жүргізіп әкетті. Республикада осы бағыттағы барлық көрсеткіштер бойынша озаттар қатарында болдық.
Әр тоқсан сайын ол департаменттің алқа мәжілісін өткізіп, барлық аудандардан алға қойылған міндеттер мен тапсырмаларды орындау бойынша есеп алатын. Арнайы шығарылған ақпараттық бюллетеньдерді бөлімдер мен аудан әкімдіктеріне жіберіп, жұмыс барысын талдап, талқылауға ұсынып отыратын. Аудандарда да осындай жұмыстар жүргізуді талап ететін. Бөлімдер де талаптың бәрін орындап, селолық округтерден де осылай сұрайтын.  
Әбділрахман Советұлы өзінің зияткерлігі мен кәсіби деңгейін көтеру мақсатында өз-өзімен де үнемі жұмыс істейтін басшы. Кез келген мәселені сындарлы шешудің жолын тауып, бізді шешім қабылдауға, мәселені екі жақты салыстырып қарауға, дұрыс шешім қабылдауға үйрететін. Жоғары жауапкершілік пен талапшылдықты сезіне отырып, бізбен және әріптестерімен өзара қарым-қатынас кезінде өзін өте қарапайым ұстайтын, сыйлы жолдас және дос бола білді.
Бірде департаментте алқа мәжілісі өткізіліп, онда үлкен дау болып, кейбір жұмыстар өнбей жатқандықтан аудандарға тапсырмалар көптеп берілді. Екінші күні жұмыста отырғанымда телефон шырылдады. Телефонды алсам, Әбділрахман Советұлы екен.
– Амангелді, қалың қалай? Кешегі мәжілістен кейін маған басқа аудандар хабарласып, өте қатаң талап қойып жатқандығымды айтып, ренжіп жатыр, ал, сен қалай ойлайсың? – деді. Сонда мен:
– Мен барлығы секілді бұл қиын жағдайдан тез құтылып, жеңімпаз болғым келеді. Сіз басшы ретінде ертең осының барлығына бір өзіңіз жауап бересіз. Сондықтан, талап ету сіздің құқығыңыз. Біз жұмысты ұйымдастырып, белгіленген міндеттерді орындаймыз, – дедім. Ол осы жауабыма риза болды.
Өзі қызмет еткен тұста екі жылда бір рет аудандарға барып, кешенді тексеріс жүргізу тәжірибесін енгізді. Оның қорытындысын жергілікті жерлердің әкімдерін шақыртып, алқа мәжілісінде талқылайтын. Бұл біз үшін жауапты емтихан секілді еді. Бір жағынан тексерістер үйіліп-төгіліп, жиналып қалған мәселелерді сол кезде шешіп тастауға үлкен септігін тигізетін.
Ол әрқашан уақыттан алда жүретін. Біздер оның соңынан әзер ілесетін едік. Жұмыспен қамту, еңбек және мүгедектерге қатысты әлеуметтік бағдарламаларды, халықтың аз қамтылған бөлігінің өзекті мәселелерін, барлық стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білетін. Бізден әрқашан осы құжаттарды қаншалықты меңгергеніміз бойынша сұрастырып отыратын. Оның бізге көп шапағаты болды, көмегі тиді.
Аудандық, қалалық бөлімдердің мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында департаменттің өзінде біліктілік арттыру курстарын ұйымдастырды. Жылжымалы алқа мәжілістерін, семинарлар өткізіп, ауылдық округтердің әкімдеріне әдістемелік материалдар жібертіп тұрды. Елді мекендерге жаңадан мамандар қабылданып жатса, оларды озат қызметкерлерден үйреніп, тәжірибе жинақтауы үшін департаменттің үздік бөлімдері мен басқармаларына сынақтан өтуге жіберетін. Мұны бір жағынан тәжірибе мектебінен өту деуге болады.   
Әбділрахман Мадияров мүгедектер мен ардагерлердің интернат-үйлеріне, жасы үлкен сырқат адамдар мен балаларға  арналған арнайы интернаттарға аса көп көңіл бөлді. Ол бізден «осындай әлеуметтік мақсаттағы үйлер мен интернаттарға ішімдікке салынғандарды, бичтар мен бомждарды жібермеңдер» деп талап ететін. Мұндай әлеуметтік нысандарға өмір сүруге құштар, қоғамның лайықты, осындай мемлекеттік мекемелерде тұрғысы келетін  адамдарды жіберуімізді және онда кәдімгі үйдегідей жағдай жасауға барлығын қамтуымызды талап ететін.
Жыл сайын 1 қазан – қарттар мен мүгедектер күні, қазан айының екінші жексенбісі барлық интернаттар мен үйлерде ашық есік күндері өткізілді.  Онда келушілерге ешқандай шектеу қойылмайтын. Басшылар, әкімдер, қоғамның кез келген мүшесі келіп, қайырымдылық шараларын өткізіп, материалдық көмектерін көрсетуге мүмкіндіктері болды. Осындай игі де мейірімді істерге Целиноград ауданы әрқашан белсенді қатысатын. Малотимофеевкадағы қарттар мен мүгедектердің интернат-үйіне қайырымдылық көмектер беріліп тұрды. Марат Қамзебаев басқаратын «Агрофирма Ақтық», Иван Сауэрдің «Родина» агрофирмасы» ЖШС-лері, «Ақмола Феникс» АҚ-ның бұрынғы директоры, марқұм Иван Шарф пен «Мәншүк» ЖШС-нің директоры Владимир Паффенгут үнемі демеушілік жасап тұрды. Олар сыйлаған теледидар, тоңазытқыштар мен жиһаздар әлі күнге дейін қарттар мен мүгедектердің игілігінде. Сый-құрмет көрсетіп, оларға мейірім шуағын төгіп кеткен осынау азаматтарды олар жиі естеріне алып, сол бір кездерді сағынады.
Әбділрахман Мадияровтың тағдыры біздің еліміздің тарихының бір бөлшегі іспетті. Ол соғыстан кейін туған қазақстандық балалардың жай-күйін сезініп, қиындықтар мен ауыртпалықтарды, жоқшылық пен жетіспеушіліктерді өз көзімен көрді. Осындай ауыр күндер оның мінезін қалыптастырып, шынықтырды. Сондықтан, ол әрқашан өз алдына айқын мақсат қойып, соған жеткенше тыным таппайтын, еңбекқор, өз-өзіне талап қоя алатын адам болды. Өзінің бойындағы күш-қуаты бізді, яғни, қарамағындағыларды да шабыттандырып, жалындатып қоятын.
Ә.Мадияров 1947 жылы 3 тамызда Алматы облысының Жамбыл ауданында Прудки селосында дүниеге келді.  Әкесі Совет Әбдіқайымұлы өте жақсы адам болатын. Ауданның ірі шаруашылықтарының бірінде директордың орынбасары болып жұмыс істеді. Ал, анасы үй шаруасымен айналыс-
ты. Олардың отбасы тату, еңбексүйгіш, қонақжай әрі ауылдастарының арасында беделді болды. Ол орта мектепті тәмамдаған соң, Алматы зооветеринария институтының ветеренарлық факультетіне оқуға түсіп, оны ойдағыдай тәмамдайды. Содан жолдамамен сол кездегі Целиноград облысына ветеринар дәрігер болып жіберіледі. Осында келгеннен оның барлық ғұмыры осы облыспен тығыз байланысты.
Еңбек жолын сөйтіп Астрахан ауданының «Степняк» кеңшарында ветеринар техник болып бастайды. Ветеринарлық қызметтің барлық сатыларынан өткен соң, ауыл шаруашылығының бас ветеринар дәрігері болып тағайындалды, одан соң Сілеті ауданының «Минский» кеңшарының директоры, Краснознаменский ауданының агроөндірістік бірлестігінің төрағасы болды. Осында істеген абыройлы да білікті, экономикалық сауатты жұмысының арқасында ол бірнеше рет   аудан әкімі болып тағайындалып, ауыл шаруашылығы салаларын жандандырған еді.
Қандай қызмет атқарса да, ол адамгершілік жолынан еш тайған жоқ. Жұмысын абыроймен атқарды. Аудандар мен облыстың жауапты да маңызды салаларын басқарғанда халық оған үлкен сенім артты. Оның адалдығы мен жауапкершілікті сезінетін іскерлігін біліп, сенім артқан  басшылар арасында бұрынғы Целиноград облысының басшылары Андрей Браун, Сергей Кулагин және Қайриден Кәрібаев бар.

Амангелді ӘШІРОВ,
еңбек ардагері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар