Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Серілік соқпағы - АРҚА АЖАРЫ

Серілік соқпағы

Бурабайлық Балғабай Құлпейісов серілер көші деп аталатын велошеру ұйымдастырды. Шеруді халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне арнап отыр.

Бастамашы Астана қаласына дейінгі 300 шақырым қашықтықты велосипедпен жүріп өтпек. Осылайша велошабандоз халықаралық көрменің салтанатты жабыл-уына қатысамын деп отыр. Жалғыз өзі ғана емес, жол бойы әрбір ауданға аялдап, ежелгі серілерше қасына өнерпаздарды ілестіріп отырады. Болжам бойынша жолшыбай қосылған серінің шашбауын көтерушілер қарамы 200-ге жетіп қалуы мүмкін.
–Біздің тобымыз жай топ емес, әрқайсысы спортшы, өнер иелері. Жабылу салтанатында асқақтата ән салып, көне заманның күмбірін көпшіліктің көз алдына әкеліп, халқымыздың қасиетті өнерінің қарымын көрсетпекшіміз, – дейді Балғабай Құлпейісов, – бұлардың бәрі бүгінгі заманның сал-серілері.
Әуесқой велошабандоздың шеруі Абылай хан алаңынан басталады. Сөз арасында оның Бурабай өңірінде экскурсовод қызметін  атқарып келгендігін айта кеткеніміз артық болмас. Жарты ғасыр ішінде 300-ге тарта шеруге қатысыпты. Соңғы 3-4 жылда велосипедке ауысыпты.
Серілер көші өнердің ғана емес, қарапайым халықты салауатты өмір салтын бекем ұстауға шақыратын игілікті ұмтылыс екені даусыз.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.     

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар