Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шетелдік технологияны меңгеруде - АРҚА АЖАРЫ

Шетелдік технологияны меңгеруде

«Нұр Отан» партиясының «Индустриялық дамуға» бағытталған сайлауалды бағдарламасы бойынша өңірлік партиялық куратор комиссиясының отырысы «Қазақстандық Агро инновациялық корпорациясы» серіктестігінде болып өтті.

Алдымен, комиссия мүшелері серіктестіктің жұмысымен танысып, кәсіпорынның цехтарын аралап көрді. Өткен жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілген қазақстандық-белорустық индустриялық-технологиялық паркінде ауыл шаруашылығы мен коммуналдық техникалар құрастырылады. Кәсіпорын жылына 4,5 мың дана техника шығара алады. Жыл басынан бері мұнда 177 дана техника құрастырылды. Комиссияның отырысын облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясының «Индустриялық дамуға» бағытталған сайлауалды бағдарламасы бойынша өңірлік партиялық кураторы Сергей Кистин ашып жүргізді. Отырыста облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Александр Загребин сөз сөйлеп, 2015-2019 жылдары Қазақстан Рес-публикасы индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асыру барысы және осы бағдарлама бойынша жүзеге асқан кәсіпорындардың қуаты жөнінде айтып берді.
–Биылғы жартыжылдықта облыс кәсіпорындары 250,6 миллиард теңгенің тауарын өндірді. Өңдеуші өнеркәсіпте жеке көлем индексі 104,5 пайызды құрады. Облыстың Индустрияландыру картасына 782,5 миллиард теңгенің 90 жобасы енгізілді. Бұл жобалар жүзеге асырылғанда 12,3 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Республикалық Индустрияландыру картасына екі жоба енгізілген. Біріншісі, «Казатомпром Күкіртқышқыл зауыты БК» серіктестігінің жобасы 2014 жылы жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда «Масаль тау-кен комбинаты» серіктестігінің жобасы жүзеге асырыла бастады. Кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік картасына 88 жоба енгізілді. Ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу, құрылыс индустриясы, тамақ өнеркәсібі, тау-кен металлургиялық өнеркәсіп, химиялық өнеркәсіп, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, энергетика, мұнай өңдеу, фармацевтикалық өнеркәсіп салаларындағы жобалар жүзеге асырылғанда 9,4 мыңнан астам жұмыс орны ашылады,– деді Александр Загребин. Жыл басынан бері 74 жоба пайдалануға беріліп, 7 мың тұрақты жұмыс орны ашылған. Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығы аясында (2010-2014 жылдар) 49 жоба жүзеге асырылып, 5,2 мың жұмыс орны ашылған. Екінші бесжылдық аясында (2015-2019 жылдар) 41 жоба жүзеге асырылып, 7,1 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Оның ішінде 39 миллиард теңгенің 25 жобасы іске қосылып, 1,8 мың адам жұмысқа орналасты. Мәселен, «Степногорск» ЕПК» акционерлік қоғамы подшипниктердің жаңа түрлерін игеріп, жылына 17,4 мың дана подшипник жасай алатын болды. Сондай-ақ, Целиноград ауданындағы «Capital Projects Ltd» серіктестігі жылына 20 мың тоннаға дейін ет өндіре алатын бройлерлік құс фабрикасын ашты. Степногорск қаласындағы «Август нан» серіктестігі калий тұзын, глифосат және құрамында глифосаты бар гербицидтер өндіреді. «Степногор тау-кен химиялық комбинаты» серіктестігі Қызылту кен орнынан мыс-молибден кенін өңдеу үшін тау-кен байыту фабрикасын қалпына келтіруде. Одан әрі облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары кәсіпорындардағы жоспарлы қуаттың игерілуі жөнінде айтып өтті.
– Қырық төрт жоба 90 пайыздан астам жоғары жүктемені қамтамасыз етті. Он жеті жоба (50-90 пайыз) орташа жүктемемен жұмыс істейді. Бес жоба (50 пайызға дейін) төмен жүктемемен жұмыс істеді. Жеті жоба бойынша жүктеме жоспарланған жоқ. Кәсіпорындардың жоспарлық қуатын игеруі жүйелік кестеге және өндірістік жоспарға сәйкес жүргізіледі. Жыл басынан бері өндірілген өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінің 51,4 пайызын Индустрия-ландыру картасы бойынша пайдалануға берілген кәсіпорындар өндірді. Өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 58,9 пайызды құрайды,– деді басқарма басшысының орынбасары. Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына білікті мамандар даярлау жөнінде «Көкшетау қаласының жоғары колледжі» кәсіпорны директорының орынбасары Василий Гапеев айтып өтті.
–Жоғары колледжде құрылған маркетингтік қызмет кәсіпорындармен тікелей жұмыс істейді. Еңбек және қызмет нарығы қажеттілігін зерттеумен айналысамыз. Жұмыс берушілермен кеңес өткізіп, тәжірибеден өту үшін базаларды анықтап, кәсіптік оқыту үшін үшжақты келісім-шартқа отырамыз. Біздің оқу орнында еңбек нарығының ағымдағы және келешектегі қажеттілігі және облыстағы индустрияландыру бағдарламасының жобалары үшін мамандар дайындалады. Қазір тапсырыс бойынша 317 оқушы оқытылуда. «Казагроинновация» ауыл шаруашылығы және коммуналдық техникаларды құрастыру бойынша қазақстандық-белорустық индустриялық-технологиялық паркі үшін алты мамандық, жылына 300 данаға дейін астық жинайтын техниканы құрастыратын «Вектор» комбайн зауыты үшін төрт мамандық бойынша мамандар даярлаймыз. Жарқайың ауданындағы Масаль темір кені орнының базасында салынып жатқан қазақстандық-қытайлық металлургия комбинаты үшін жеті мамандық бойынша 155 маман қажет.
Сондай-ақ, «Степногорск» Еуропалық подшипник корпорациясы» акционерлік қоғамына алты мамандық бойынша 82 маман дайындау үшін меморандумға қол қойдық. Жалпы облыстың елу кәсіпорнымен бірлесе жұмыс істейміз. Жұмыс берушілерден арнайы базалық тәртіп бағдарламаларының мазмұнын жаңартуға қатысумен бірге өндірісте тәжірибені ұйымдастыру талап етіледі,–деген жоғары колледж директорының орынбасары одан әрі оқу орнының жұмысы жөнінде айтты. Отырыс соңында көптеген мәселелер талқыланып, қойылған сауалдарға тұшымды жауап қайтарылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар