Щучинск-Бурабай және Зеренді курортты аймақтарын байланыстыратын автожолы қайта жаңғыртылуда.
Құрылыс жұмыстары «ҚазАвтожол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының тапсырысы бойынша жүргізілуде. Қайта жөндеу жұмыстарын 2019 жылы аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, Қорғалжын қорығындағы Астана-Қорғалжын автожолының 40 шақырымдық бөлігіне ағымдағы жылы орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Щучинск-Бурабай автожолының 16 шақырым бөлігіне де орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бурабай кентінің орталығында да 2 шақырым автожол жөнделді.
Жаяу жүргіншілерге қолайлы болу үшін түнгі жарықтары бар арбат жасалып, тұрғындар мен туристердің демалуы үшін орындықтар қойылған. Автокөліктің көптігі және үздіксіз қозғалысқа байланысты жеңіл көліктерге арналған тұрақтар жасалған. Қазіргі заманға сай аялдама павильондары мен қоршаулар орнатылған. Қазіргі уақытта Бурабай кентінде жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.