Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бағы жанған бапкер - АРҚА АЖАРЫ

Бағы жанған бапкер

Белгілі жаттықтырушы Қуанышбай Қоқышевтің бокс залында өткізетін жаттығу сәттері алапат еңбекке толы. Бір қуаныштысы, сол еңбек  зая кеткен жоқ. Талай мәрте дүбірлі додаларда топ жарған, қазақ елінің абыройын аспандатқан былғары қолғап шеберлерін тәрбиелеп шығарды. 

Тек деген түсініктің өзі тегін емес-ау, сірә. Арыдан қуып шерлі шежіренің қатпарларын ақтарар болсақ, Алаштың соңғы хандарының бірі – Уәли ханның ұрпағы. Уәлидің жеті баласының кенжесі Әлжаннан Қоқыш туса, Қоқыш төреден Қуанышбектің әкесі Зәдікен туады. Алпыс екі тамырды қуалай аққан қызыл қанда тектілік пен өрлік, өжеттік пен ерлік болатын болса, оның түп тамырын алыстан іздеудің де қажеттігі жоқ. Тегінде бардың тегін болып жаратылмайтындығы әлмисақтан белгілі. Айтқандайын анасы Гүлжанат да Қанқожа төренің тұқымы. Қанқожа төренің  Бегәлі есімді баласының қызы.
Бала көңіл еліктегіш. Қызықпайтын дүниесі болсашы. Оқушы кезінде Қуанышбектің де көңілін талай өнер өзіне тартқан. Тіпті, боксшы боламын-ау, бапкер боламын деп ойламапты да. Бокс қолғабын 16 жасында киген. Онда да мектептес жолдасы Ғалымжан Айбасовтың икемдеп тартуымен. Алғашқы жаттықтырушысы Амангелді Балтабаевтың табиғи  талант, айрықша дарынның арқасында сол бір жылдары жергілікті ұлт өкілдерінің ішінен небір шойын жұдырық боксшылар қаулап өсіп шыққан.
Асылында атақ-даңқы жер жарған мықты спортшы болуы мүмкін, бірақ, сол спортшының бәрінен бірдей бала көңілін баурайтын, еліктіріп-елітіп бар жан дүниесін, жас көңілін өзі қалаған спорт түріне бір жола берілтетін жаттықтырушы шыға бермейді. Ал, өзі анау айтқандай, биік дәрежедегі спортшы болмаса да, тамаша тәлімгер болуы әбден мүмкін. Қуанышбай Кеңес әскері қатарында азаматтық борышын өтеп жүрген кезде спорт жарыстарына үзбей қатысты. Сан талай халықаралық жарыстарда топ жарды. Әскерден келген соң да, сүйікті өнерінен қол үзген жоқ. Жастар арасында өткізілген Қазақстан чемпионатында  күміс жүлдеге ие болды.
Содан соң бір жола бапкерлікті қалаған. Бұл өзі бір мая шөптің ішінен жалғыз инені іздегендей, нәтижесі бірден байқала қоймайтын қияпат шаруа. Қаншама баланың ішінен бойындағы дарынын байқап, қабілетін бағамдап, дөп басуың шарт. Дөп басты да. Алғашқы шәкірттерінің бірі – Мұрат Асылғожин. Еңбек резервтері орталық кеңесі  Львов қаласында 1982 жылы ұйымдастырған жарыста қола жүлдегер атанды. Келесі жылы да дәл осы орыннан табылды. Ал, алты Алашқа олжа салған Мереке Жүсіповтің қаншалықты табысқа жеткендігін жанкүйер қауым жақсы біледі. Бокстан халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері, КСРО чемпионатының төрт мәрте күміс жүлдегері, КСРО кубогының төрт мәрте күміс жүлдегері, КСРО Қарулы Күштерінің екі мәрте чемпионы, Тунис, Финляндияда және басқа қалаларда өткен халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Әншейінде кеуде қаға бермейтін өз табысынан да өзгенің табысын айтып, мақтауға дайын тұратын бапкер жалғыз Мерекенің табысымен-ақ көкірегін керуге болар еді. Ал, аты аңызға айналған Руслан Мусинов ше?
Бокс үшін жаралғандай Русланның спорттағы табысын таразы басына тартсаң, масайрайтын да, кей кезде әділетсіздіктің орын алғандығынан бармағыңды тістейтін ретің бар. Бокстан халықаралық дәрежедегі Қазақстан Республикасының спорт шебері, 1996 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесі, әлем кубогының күміс жүлдегерінің жолы аз кесілген жоқ. Бұл шәкіртінің немесе бабын келістіре алмаған бапкерінің кемшілігі емес. Кей пенденің пендешілігі.
Осы екі саңылақтың ізін қуған Шыңғыс Рамазанов, Ғайдар Сатаров тәрізді Қазақстан Республикасының спорт шеберлері де  талай мәрте жеңіс тұғырына көтеріліп, ел мерейін үстем етті. Осы бір әдемі дәстүр республика біріншіліктері мен чемпионаттарында топ жарған Александр Сенченко, Сергей Волченко, Анатолий Стродубцев, Юрий Ахметов, Александр Савик, Александр Кноль, Жанат Есболатов, Евгений Прокофьев, Сәкен Сәдуақас, Әділбек Сұрағановтармен жалғасты. Бүгінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері Болгарияда өткен «А» класты халықаралық турнирдің чемпионы, 2013 жылғы Азия чемпионы, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы Теміртас Жүсіпов осы абыройға бөленген айтулы жолды жалғастырып келеді.
Еңбегі де елеусіз қалған жоқ. Алматы қаласындағы мемлекеттік физкультура институтының түлегі Қуанышбай Зәдікенұлы Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жоғары дәрежелі бапкер. 43 жыл бойы жаттықтыру залында үзбей тер төгіп келе жатқан бапкер  спортқа қосқан өлшеусіз үлесі үшін Қазақстан мен Ресейдің бірнеше ордендерімен марапатталған. Ең басты марапат өзі көтерген, асқаралы биікке жеткізген шәкірттерінің алғысы. Оған қоса оғыландар ғана ойқастайтын ринг төріндегі нағыз азаматтардың жан алып, жан беріскен ерлерге тән ерлікті көксейтін ғажайып өнерін көріп, Қуанышбайдың шәкірттеріне айызы қанатын жанкүйерлердің жан рахаты.
Бүгінде бапкер Теміртасын үкілеп жарысқа қосып жүр. Алда әлі де сан айқас бар. Сол айқастарда өрендерінің өнерін сарапқа салмақ.  Жеткіншектің жігерін жанитын, азаматтың қайратын қайрайтын, ерлікке үндейтін, елдікке баулитын нағыз ерлердің ғана маңдайына жазылған жекпе-жек өнері.  
Байқал БАЙӘДІЛОВ.
 
Суретте: бапкер Қуанышбай Қоқышев әйгілі шәкірті Руслан Мусиновпен бірге.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар