Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бақылау заңсыздықтың жолын кеседі - АРҚА АЖАРЫ

Бақылау заңсыздықтың жолын кеседі

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында «Жергілікті атқарушы органдардың сатып алу бағасын заңсыз көтеруіне арналған мемлекеттік сатып алу қорытындыларының мониторингі» атты семинар-кеңес болып өтті. 

«Жасыл болашақ» қоғамдық қоры төрайымының орынбасары Самира Тәйтенованың  жетекшілігімен өткен семинарда жемқорлық заң бұзушылықтар мен қылмысқа жол ашатын мемлекеттік сатып алу шараларын өткізуде заңсыздықтарға жол бермеу жөнінде әңгіме өрбіді. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы Әсемгүл Ғалееваның айтуынша, қолданыстағы заң талаптары бойынша мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізіліп отырылады.
 Осындай мониторинг жүргізу  тауар немесе қызмет бағасын негізсіз көтеру жайларын анықтап, оған тосқауыл қоюға мүмкіндік жасайды. Биылғы жылдың басынан бері мониторинг қорытындысы бойынша  21 мемлекеттік сатып алу шарасын өткізу барысында тауар бағасы заңсыз көтерілгені анықталған.  Мәселен, қазіргі нарықта АИ-92 бензинінің  орташа бағасы 145 теңге болса, Жақсы ауданында өткізілген мемлекеттік сатып алуда ол  190 теңге деп көрсетілген.
«Ақмола облысы бойынша мемлекеттік ішкі аудит департаменті» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Аслан Құсайынов мемлекеттік сатып алу шарасын өткізу кезінде жиі көрініс тауып жататын заң бұзушылықтар жайында әңгімелеп, оған қарсы заң талаптарына сай қандай жауапкершілік міндеттелетінін айтып берді. Ал, биылғы жылы құрылып, жұмыс істеп жатқан «Нұр Отан» партиясы жанындағы әлеуметтік мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жасау тобы жетекшісінің орынбасары Ирина Терентьева аталмыш топтың жұмысы мен міндеттері туралы әңгімеледі. Бүгінгі күні облысымыздың аумағында 611 үкіметтік емес ұйым болса, олардың тіркеліп жұмыс істеп жатқандарының саны – 522 екен. Биылғы жылы мемлекет тарапынан әлеуметтік маңызды қызметке байланысты   43 лот ойнатылып, бұған  171,9 миллион теңге қаржы бөлінген.
Ал, осы лоттарды ұтып, мемлекеттік тапсырыстарды алған үкіметтік емес ұйымдардың саны – 24. Ал, сонда қалған үкіметтік емес ұйымдар қайда? Яғни, олар мемлекеттік тапсырыстардан тыс қалуда. Аталмыш топ үкіметтік емес ұйымдар арасында насихат жұмыстарын жүргізіп, оларды мемлекеттік тапсырыстармен жұмыс істеуге тартуды және мемлекеттік тапсырыс алған ұйымдардың қаржыны қалай пайдаланып жатқанын бақылауды жүзеге асырады.
Семинар соңында үкіметтік емес ұйымдардың  өкілдері  өздерін толғандырып жүрген көптеген сауалдарын қойып, оған толымды жауаптар алды.
«Арқа ажарының»
өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар