Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Электр қуатын өз бетімен заңсыз ажыратуға болмайды - АРҚА АЖАРЫ

Электр қуатын өз бетімен заңсыз ажыратуға болмайды

Қазіргі кезде өңірдің энергия жабдықтаушы және энергия беруші кәсіпорындары тұтынушылардың пайдаланған электр қуатының ақысын төлемегені жөнінде алдын ала хабарламай, электр қуатын пайдалану қағидаларының талабын бұзып, электр энергиясын ажыратып тастайды.

Мұндай жағдайды болдырмау мақсатында қолданыстағы қағидалардың талаптарына түсінік беруді жөн деп санадық. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №233 бұйрығымен бекітілген Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартының 13-тармағына сәйкес, электр қуатын тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланатын тұтынушылар төлемді есептік кезеңнен кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей жүргізеді. Есеп айырысу кезеңі бір күнтізбелік айды құрайды. Егер төлем айдың 25 күнінен кейін түспесе, энергия жабдықтаушы немесе энергия беруші кәсіпорын электр қуатын беруді толықтай немесе жартылай тоқтатады. Мұндай жағдайда тұтынушыға электр қуатын ажыратпас бұрын 30 күнтізбелік мерзімде жазбаша түрде хабарлануы керек. Сондай-ақ, тұтынушы міндетті түрде электрден ажырату туралы хабарлама алуға тиіс.
Сөйтіп, жоспарланған ажырату туралы хабарламаны тұтынушы шарттың 13-тармағында көрсетілген оқиғадан кейін алуға тиісті екенін атап өтеміз. Осыған байланысты, энергия жабдықтаушы ұйымның төлем құжатындағы тұтынушыны электр қуатынан ажыратуға негіз болатын хабарлама жоғарыда аталған хабарламаға сәйкес келмейді. Мәселен, Көкшетау қаласының тұрғыны 2017 жылдың 26 қаңтарында Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментіне өз пәтерінің электр қуатынан заңсыз ажыратылғаны жөнінде шағымданды. Бұл оқиға бойынша аумақтық департамент «Көкшетау Энерго Центр» серіктестігінің қалалық электр жүйесіне қатысты жос-
пардан тыс тексеру жүргізді. Тексеріс барысында тұтынушы ағымдағы жылдың 25 қаңтарында төлем төлемегені үшін электр қуатынан ажыратылғаны анықталды. Осы жағдай бойынша толықтай материал жинақталып, диспетчерлер мен бақылаушылардан түсініктеме алынды. Түсініктемеде төлемнің түспеуіне байланысты тиісті хабарламасыз тұтынушы электр қуатынан ажыратылғаны айтылған. Тұтынушы 25 ақпаннан кешіктірмей төлем төлеуге тиісті. Егер ол осы мерзімде электр қуаты ақысын төлемеген болса, қалалық электр жүйелері тұтынушыға жазбаша түрде хабарлап, электр қуатын беруді 30 күнтізбелік мерзімде тоқтатады. Яғни, тұтынушыға электр қуатын беруді үстіміздегі жылдың 26 наурызында тоқтатуға тиіс. Сөйтіп, қалалық электр жүйесі электр қуатын тоқтату мерзімін және тұтынушыға хабарлама жолдау тәртібін бұзғандығы анықталды. Тексеру нәтижесінде «Көкшетау Энерго Центр» серіктестігіне қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 172-бабының 5-тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган Қазақстан Республикасы электр энергетикасы саласындағы нормативтiк-құқықтық актілері талаптарының сақталуын жүзеге асырады. Осындай жағдай орын алып, энергия жабдықтаушы және энергия беруші кәсіпорындар электр қуатын заңсыз шектейтін болса, Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментіне, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 230, тел: 8(7162), 251316, 257867 мекен-жайына хабарласа аласыздар.
Ержан ЕРТАЕВ,                       
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар