Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елім үшін мақтаныш сезіміне бөлендім - АРҚА АЖАРЫ

Елім үшін мақтаныш сезіміне бөлендім

Астана қаласында өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арнайы барып, тамашалап, қуанып қайттым. Көрмеде әлем халықтары өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін паш етіпті.

Осындай әлемдік маңызы бар айтулы оқиға біздің елімізде өтіп жатқандығы өскелең ұрпақтың  болашағына жарқын жол ашады деп есептеймін.
 «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өтіп жатқан көрме келешекте қуат көздерін дамытуға, оны  үнемдей білуге, сондай-ақ, тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламалар мен технологияларды зерттеуге бейімделген. Су мен желден, күн сәулесінен қалай қуат алуға болатынын көріп, таң-тамаша болдым.
 Әлемді өзіне қаратып, салт-дәстүрімізді өзге халықтарға паш етіп, қазақ елінің қонақжайлылығы мен кеңпейілділігіне куә болып жатқан өзге ұлт өкілдерінің көптігін байқадым.
Көрмеге барып, өз елімнің жетістіктеріне қаныға түсіп, осындай мемлекеттің ұланы екеніме мақтанып келдім.  Алдағы уақытта өз білімімді жетілдіріп, мен де  туған еліме қалтқысыз еңбек ететін білімді азамат болуға тырысамын.   
Дастан ҚАЖЫМХАН,
№10 орта мектептің  11 сынып оқушысы.  

Фарфоровый ауылы,
 Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар