Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мүмкіндік молая түсті - АРҚА АЖАРЫ

Мүмкіндік молая түсті

Биылғы жылдың сәуір айында пайдалануға берілген «Қайнар» балалар мен жасөспірімдер клубында қазір бассейн мен жаттығу залы жұмыс істеп, жергілікті тұрғындардың спортпен айналысуына қолайлы жағдайлар туғызылуда. 

Жаңа спорт кешенінің іші тап-таза. Таза жерді ластамау үшін кіре берісте аяқ киіміңді ауыстырасың. Бізді қарсы алған клуб директоры Андрей Полищук клубтың бассейнін, жаттығу залын, спорт сүйер қауымның шешінетін орнын және буфетін аралатып көрсетті. Бассейн суының мөлдірлігі сондай, тіпті, түбі анық көрінеді. Сондай-ақ, жаттығу залында директор әрбір спорттық құрал-жабдықтың қалай пайдаланатынын көрсетті. Спорттық құрал-жабдықтар әртүрлі жастағы адамдарға арналған. Андрей Полищук өз сөзінде клубқа аптасына бес жүз адам келетінін, олардың негізін зейнеткерлер, ересектер мен балалар құрайтынын айтып өтті.
– Ұжымда 23 адам еңбек етеді. Бәрі өз жұмысын жақсы біледі. Жаттығу залы аптасына алты күн екі ауысыммен жұмыс істейді. Бұл жұмыстан кейін келетін адамдарға өте қолайлы. Бассейнге түсу ақылы. Ересектер үшін 600 теңге, балалар үшін 300 теңге. Сондай-ақ, он екі мәрте келетін абонент сатып алуға болады. Мектепке дейінгі балалар үшін абонент ақысы арзан. Жаттығу залына кіру ақысы ересектер үшін 400 теңге, балалар үшін 200 теңге. Мұнда келген жұрт он екі түрлі спорттық құрал-жабдықта жаттыға алады. Алдағы уақытта волейбол мен бас-кетбол алаңын жабдықтауды, сауна салып, ересектер мен балалардың ванналарын қоюды жоспарлап отырмыз. Бассейнге түсетін адамдардың қайғылы жағдайға ұшырамауын жаттықтырушы мен медбике қадағалайды,– дейді клуб директоры. Клубта Медет Кенжин, Ғалымбек Нұрболұлы, Насихат Мардан суда жүзудің инструкторы болып жұмыс істейді. Олардың осы саладағы арнайы білімдері бар екен. Бәрі де спортты жанындай сүйетінін аңғардық. Насихат Мардан өз сөзінде балаларды суда жүзуге үйрететінін, өзінің әрі судан құтқарушы екенін айтып өтті.
– Бассейннің тереңдігі екі метрге жуық. Балалар да осында шомылады. Олар үшін тайыз бассейн қарастырылмаған. Сондықтан, балаларға судан құтқаратын желет кигізіп, суда жүзу үшін тақтайша береміз. Өзім балалардың үш тобын жаттықтырамын. Әр топқа он екі баладан келеді. Әріптестерімнің алты тобы бар. Біз кезектесіп жаттықтыру залында  жұмыс істейміз. Мұнда жаңа келген адамдарға спорттық құрал-жабдықтардың қалай пайдаланатынын үйретеміз. Клубта аудандық спорт бөлімі суда жүзу бойынша екі рет жарыс өткізді. Жарысқа ауданның суда жүзушілері қатысты. Клубтың жарысын тамыз айының соңында өткіземіз, – дейді Насихат Мардан бізбен әңгімесінде.

Рамазан БАЯҚҰЛЫ.
Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар