Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құрметті ақмолалықтар! Қымбатты спортшылар мен ардагерлер және спорт әуесқойлары! - АРҚА АЖАРЫ

Құрметті ақмолалықтар! Қымбатты спортшылар мен ардагерлер және спорт әуесқойлары!

Құрметті ақмолалықтар!
Қымбатты спортшылар мен  ардагерлер және спорт әуесқойлары!

Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен – Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев ұлт саулығы еліміздің жарқын болашағының кепілі екендігін, осы орайда, салауатты өмір салтын ұстанудың, спорт пен дене шынықтыруды дамытудың зор маңыздылығын үнемі айтып келеді. Бүгінгі күні облысымызда түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге жетуге және жалпы халық үшін бұқаралық спортты дамытуға қажетті жағдайлардың бәрі де жасалуда.
Жыл өткен сайын өңірімізде спорт инфрақұрылымдары дамып, қазіргі заман талабына сай спорт жайлары салынуда және жаңа денсаулық сақтау, сауықтыру кешендері ашылуда. Тек соңғы екі жылдың ішінде ғана аймағымыздағы спорт жайларының саны 99-ға дейін көбейді. Жарқайың ауданында денсаулық сақтау-сауықтыру кешені, Шортанды ауданында жүзу бассейні салынып пайдалануға берілді. Көкшетау қаласында  жекеменшік спорт кешені ашылып, 84 спорт алаңы мен  13 хоккей корты қайта жарақталды.
Біздің жерлестеріміздің арасында өңіріміздің ғана емес, еліміздің атын әлемге танытып жүрген даңқты спортшылар аз емес. Солардың арасында өткен жылғы бокстан әлем чемпионы атанған Дина Жоламанды, 2017 жылғы Универсиада ойындарында жақсы жетістіктерге жеткен Алина Райкова, Олжас Климин, Роман Еремин және Ольга Мандриканы атап өтуге болады. Тек биылғы жылдың басынан бергі уақытта ғана жерлес спортшыларымыз республикалық және әлемдік жарыстарда 487 медальді жеңіп алды. Ақмолалық 364  спортшы еліміздің құрамасында спорттың әр түрінен республикамыздың намысын қорғауда.
Бүгінгі айтулы күні әсіресе, өңіріміздің, еліміздің даңқын асқақтатқан спорт ардагерлеріне айтар алғысымыз шексіз. Оларға отандық спортымызға қосқан елеулі үлестері үшін зор алғысымды білдіремін.
Еліміз бен қоғамымыздың игілігі үшін салауаттылықты ұстанып, спортты серік еткен, өңіріміз бен еліміздің намысын халықаралық жарыстарда қорғап жүрген барлық спортшыларды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, береке-бақыт және спортта биік нәтижелер тілеймін!
Мәлік МЫРЗАЛИН,
Ақмола облысының әкімі.

 

 

Құрметті спортшылар,  бапкерлер, спорт ардагерлері  мен жанкүйерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз Қазақстан Республикасының Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекетіміздің  әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі спорт болып табылады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан  халқына  арнаған Жолдауында да спорттың дамуы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру маңызды  міндеттердің бірі екендігін атап көрсетті.    
Жылдан-жылға елімізде бұқаралық спорт кең өріс алып, қарқынды дамып келеді. Спортшыларымыздың жетістіктері мен жеңістері де молая түскен. Өңіріміздің спорт саңлақтары республика көлемінде ғана емес, халықаралық деңгейде де мақтан тұтарлық  нәтижелерге қол жеткізуде. Алдағы уақытта да ақмолалық спорт тарландарына түрлі дүбірлі додаларда ел мерейін арттырып, абыройын асқақтатар жаңа жетістіктер тілеймін!
Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар