Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында халықаралық сарапшылар Владимир Батаев пен Бойд Коуен биылғы жылдың қараша айында «Қаланы басқару инновациясы» тақырыбында семинар өткізбекші.
Осы семинарға дайындық барысында Владимир Батаев еліміздің қалаларын аралап, мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, ой-пікірлерімен бөлісуде.
Таяуда нидерландылық халықаралық сарапшы Степногорск қаласында болып, қала әкімі Әнуар Күмпекеевпен кездесті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік қызметшілер білімін жетілдіру институты директорының орынбасары Азамат Жоламанов та қатысты. Қала басшысы қаланы дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндап, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы шешімін күткен кейбір мәселелер туралы айтып берді. Кездесу соңында екіжақты әріптестік байланысты нығайту жөнінде келісімге қол жеткізілді.
Нана АНТИДЗЕ,
Степногорск қаласы әкімінің баспасөз хатшысы.