Облыс әкімдігінің қолдауымен тілсіз жаудың алдын алу мақсатында Новоселовка ауылында қазіргі заманға сай жабдықталған өрт бекеті ашылды.
Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Гүлнұр Сәдуақасова мен Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, азаматтық қорғаныс полковнигі Манарбек Шапағатов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Осыншалықты маңызы бар шараға ауылдық округтің әкімдігі, «Нұр-Астық.kz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері мен ауыл тұрғындары да жиналды. Бекет 2 өрт сөндіру көлігі, өрт-техникалық жабдықтар және отқа төзімді арнайы киіммен қамтамасыз етілген.
Айталық, облыста өткен жылы 919 өрт оқиғасы орын алса, оның 521-і ауылдық елді мекендерде тіркелген. Тілсіз жаудың салдарынан 63 бас үй жануары өліп, 196 миллион 567 мың теңге материалдық шығын келтірілген болатын.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Шортанды ауданы.