Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ежелден аралас-құралас поляк елі - АРҚА АЖАРЫ

Ежелден аралас-құралас поляк елі

Кеше облыс әкімінің орынбасары  Асхат Қайнарбеков өңірімізге жұмыс сапарымен келген Польша Республикасының  Подляск воеводствосының басқарма мүшесі  Богдан Дыюк  бастаған осы ел делегациясын қабылдады. 

Кездесуде мәртебелі меймандармен екіжақты  ынтымақтастық және сауда-экономикалық  байланыстарды одан әрі дамыту мүмкіндіктері қарастырылды.
Ежелден аралас-құралас поляк елімен қазақтар бұрыннан таныс. Кең сахараға осы ұлттың талай саяхатшылары келіп, қазақтың тұрмыс салтына, меймандостығы мен өнеріне жоғары баға берген. Сол үрдіс бүгін де жалғасын тауып, еліміз, соның ішінде Ақмола облысы мен Польша Республикасының арасында сауда-экономикалық, мәдени  байланыс нығайып келеді. Әсіресе, білім, туризм саласында оң нәтижелер бар.
Соңғы кездері облыс аумағындағы жиһаз және косметикалық өнімдер шығаратын «Ормис-Строй» және «Блюз» тәрізді жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері польшалықтармен тығыз әріптестік қатынас орната бас-тады.
Бұл жолғы кездесу барысында екі ел арасындағы агроөнеркәсіптік сектор мен сауда-экономикалық мүмкіндіктер кеңінен қаралды. Кездесуде облыс әкімінің орынбасары Ақмола өңірінде аграрлы сала жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.
– Соңғы жылдары облыс диқандарының табысы мол. Республикадағы астықтың 25 пайызы бізде өндіріледі. Мал шаруашылығын дамыту, ет-сүт өнімдерін дайындау және экспорттау бойынша облысқа үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Негізгі тұтынушыларымыз астаналықтар. Сонымен қатар, өңірде өнеркәсіп саласы да жақсы дамыған. Жалпы, Ақмола облысының Польша елімен сауда-саттық пен экономикалық қатынасты дамытуға мүмкіндігі зор, – деді Асхат Қайнарбеков өз сөзінде.
Өз кезегінде Богдан Дыюк мырза өздерін жылы қарсы алғаны үшін облыс әкімінің орынбасарына алғысын білдірді. Сондай-ақ, мәртебелі меймандар өз өңірінің инвестициялық мүмкіндіктері жайлы сөз қозғап, астаналық облыспен арадағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға дайын екендігін мәлімдеді. Осы бағытта поляктар облыс басшылығын өз елдеріне қонаққа шақырды.
Екі жақ естелік кәдесыйлармен алмасты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар