Облыс тұрғындарының назарына!
Биылғы жылдың қыркүйек айында облыстық Қоғамдық кеңестің «Облыстағы орталықтандырылған газбен жабдықтау және лифт шаруашылығын қайта қалпына келтіру проблемалары туралы» мәселені қарайтын мәжілісін өткізу жоспарланып отырғанын хабарлаймыз.
Соған байланысты осы өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарыңыз бен ой-пікірлеріңізді мына электрондық мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймыз: osovetkz@mail.ru.
Дулат ЖҰРЫМБАЕВ,
облыстық Қоғамдық кеңестің хатшысы.