Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ырыс үйірілетін жер - АРҚА АЖАРЫ

Ырыс үйірілетін жер

Бұл әңгімені әкем Тыныштық Шаменовтан көңіліме тоқып, зердеме жазып алған едім. Әкем елге танымал композитор ғана емес, оқыған-тоқығаны мол, парасаты биік азамат еді.

Жастайынан көнекөз қариялардың айтқанын көңіліне көп тоқыған әкеме қарап, іштей қайран қалатынмын. Қисса-дастандарды жатқа айтса, таңды таңға ұластыратын. Ел аузындағы әңгімелердің басым көпшілігін әкемнен естігенмін. Беу, шіркін, өмір-ай! Байқап жүргенімдей, қазір елге бара қалсаң, бес-алты қарияның басы қосыла қалса, қисса-дастан айтатын адам табу қиын.
Құрбыларымнан естимін, әкем ұрысты, тіпті, қол жұмсады деген сұмдықты. Бізге әкеміз қол жұмсамақ түгілі балалықпен, жастықпен жасаған қателігімізді  бетімізге  баспайтын. Бәрін де аңыз әңгімелермен астарлап жеткізетін. «Құйма құлақ болса, құйып алар…»,–дейтін ақырын.  Жас оқырман өзіне ой түйер деген сеніммен әкемнен естіген бір әңгімені ақ қағазға түсіруді жөн санадым. Баяғыда бір ақылды хан өмір сүріпті. Оның жалғыз ұлы бар екен. Бірақ, сол ұлы көпке дейін үйленбей жүріп алыпты. Хан байқаса ұлы беті жылтыраған, сырты сұлу қыздарға көп қызығады екен. Сөйтіп, бір күні хан елге жарлық айтады.
– Кімде-кім үйінен көп шаң, қоқыс шығарады сол қоқысқа пара-пар алтын беремін. Әрі үйінен көп шаң-тозаң шығарған қызға ұлымды үйлендіремін,– десе керек. «Алтын көрсе періште жолдан таяр» демей ме. Қызы бар үйдің барлығы қап-қап қоқысын арқалап,  хан ордасына қарай ағылады. Хан нөкерлерінен: «Елдегі қыздың барлығы осында ма» деп сұрайды. «Жоқ тақсыр, бір қыз қалды» дейді уәзірлері бастарын төмен салбыратып. «Шақырыңдар сол қызды!» деп бұйырады хан. Ұяты бетінен, бұрымы тілерсегінен төгілген, иманжүзді бір қыз келіп ханға иіліп сәлем береді.
– Ал, қарғам, саған алтын керегі жоқ па? Әлде ұлым ұнамай ма? – дейді хан тікесінен.
– Хан ием, мен де алтыннан дәмелімін. Бірақ, несін жасырайын, үйімді күніне он сыпырсам да шаң шықпайды, – деп жылап жіберсе керек.
Осылайша хан өзі көрікті, шаруаға пысық қызды келін қылып түсіріп, ұлан-асыр той жасаса керек.
Әйел адам шаңырағының берекесі. Үйдің ішін мұнтаздай таза ұстау оның міндеті. Расында да түзде жүрген отағасы үйіне шаршап шалдығып келгенде шаңы бұрқырап, киім-кешегі шашылып жатқан үйге ырыс тұрақтамайды ғой.

Ұлмекен ШАМЕНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар