Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қабырғаға ілінген кофе - АРҚА АЖАРЫ

Қабырғаға ілінген кофе

Жақында Интернет материалдарын оқып отырып, «Ілулі бір кесе кофе» деген мақаланы көзім шалды. Ілулі кофе дегені несі? Кофе құйылған ыдысты іліп қоюға бола ма екен деп ойлап, әлгі мақаланы оқып шықтым.  Сөйтсем, бір кесе шайды да, бір тілім нанды да ілуге болады екен, тек ниет болсын деңіз. 

Еуропа елдерінің өркениеті мен мәдениеті бізге қарағанда әлдеқайда дамыған. Олардың өмір сүру деңгейі біздің елге қарағанда әжептәуір алда. Сонымен бірге, олар өздерінің бай тарихымен және әлемнің назарын аударатын өзіндік ерекшеліктерімен де танымал. Тіпті, олардағы қала көшелерінің тазалығы да бізден барғандардың талайының таңдайын қақтырды. Мұның бәрі еуропалықтардың мәдениеті мен менталитетінің жоғары екендігін аңғартады.
Еуропалықтар әлеуметтік жағдайы нашар адамдарға да ерекше көңіл бөліп, оларға мейірімділікпен, кішіпейілділікпен қарайды.  Өйткені, олар үшін адам оның материалдық жағдайы мен білім деңгейіне қарамастан, қоғамның бір мүшесі болып табылады. Ал, бізде қалай? Үсті-басы кір, жұтаң киінген кедей-кепшікті, не қолын жайып, көмек сұрап тұрған қайыршыны көрсек, бала тұрмақ үлкендерге дейін жиіркенішпен қарап, оған көмек бермек түгілі, кейде кеудесінен итермелеп, қуып жатамыз…
Әлгі ғаламтор желісінде шет тілінде жарияланған мақаланың орыс тіліндегі нұсқасын оқып шықтым. Онда былай жазылыпты:
«Осыдан бірнеше жыл бұрын досыммен Венеция қаласының бір дәмханасына бардым. Сонда итальян кофесін ішіп, рахаттанып отырғанымызда бір ер адам келіп, даяшыдан өзіне және «қабырғаға» деп екі кофенің ақшасын төледі. Осыны естіген соң, әлгі ер азаматты сырттай бақылап отырдым. Бір кесе кофесін ішті де, өз жөнімен кете барды. Ол кеткен соң, даяшы қағазға «бір кесе кофе» деп жазды да, қабырғаға іліп қойды.  Содан дәмханаға біраз уақыттан соң тағы да екі жігіт кіріп, үш кофенің ақшасын төлеп, өздері бір-бір кофеден ішіп кетті. Даяшы бірінші ілген қағаздың қасына тағы да «бір кесе кофе» деген жазуды іліп қойды. Бұл біз үшін таң қаларлық, әрі түсініксіз жағдай еді. Біз әңгімемізді аяқтап болған соң, есеп айырысып өз жөнімізбен кеттік. Бірнеше күн өткен соң досым екеуіміз әлгі дәмханаға тағы да кофе ішуге кірдік. Осы уақытта өте жұтаң киінген бір кедей адам кіріп, қабырғаға қарады да, бір орынға жайғасты. Орындыққа отырып, даяшыдан «ілулі тұрған кофенің бір кесесін» беруін өтінді. Даяшы оған бір кесе кофе құйып берді де, басқа келушілер сияқты «күніңіз жайлы болсын» деп, ниет-пейілін білдірді. Әлгі кісі бір тиын ақша төлеместен кофесін ішіп, алғысын айтып, шығып кете барды. Одан кейін даяшы қабырғада ілулі тұрған «бір кесе кофе» деп жазылған қағаздардың бірін алып, қоқыс шелегіне тастады. Біз өз көзімізге өзіміз сенбей таң-тамаша қалдық.  Бұл жағдай сол жерге бірінші рет барған шетелдіктердің барлығын да таң қалдырған еді. Бұл елдегі жарлыға, кедей-кепшікке деген қайырымдылық, оларға деген ықылас-көңіл біздің жүрегімізді елжіретті».
Шынымен де, әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға деген осындай ықылас пен сыйластықтан бізге де неге үлгі алмасқа. Сонда тұрмыс жағдайы нашар осындай адамдар дәмханаға келіп тегін кофе ішуге болатынын, оған кофені басқа ақшасы бар адамдар секілді ыстық ықыласпен, ниет тазалығымен ұсынатындығын жақсы біледі. Бай-бақуатты адамдар да мұнда келіп, бір кесе кофенің ақысын   артық төлеп, оны қабырғаға ілгізіп қояды. Біреу біреуге қарыз емес. Бұдан өміріміз ажарланып, ізгі ниетті жандар қатары көбейе түсері анық.  
 Итальяндықтардың ойлап тапқан осы идеясы шынында да үлгі тұтарлық емес пе?!. Жалғыз кофе, шай емес, басқа да қайырымдылық түрлерімен тұрмысы төмен, қамкөңіл жандардың көңілін неғұрлым демдей түссек, ол да бір бүгінгі қоғамда жетіңкіремей жатқан адамгершіліктің белгісі ғой.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар