Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әкеден қалған бір өнер - АРҚА АЖАРЫ

Әкеден қалған бір өнер

Көкшетаудың іргесінде орналасқан Садовое селосының маңында, Шағалалы өзенінің жағасында «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы  аясында «Әкеден қалған бір өнер» атты отбасылық байқауын ұйымдастырды. 

Облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бо-йынша жүзеге асырылған іс-шараға «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы мен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесі, Садовое селосының әкімдігі қолдау көрсетті.
– Шараның басты мақсаты – қоғамдағы әкелердің рөлін, мәртебесін арттыру, әке мен баланың арасындағы өзара қарым-қатынас пен байланысты нығайту, әке тәрбиесіне қоғамның назарын аударту. Қазіргі әкелер жанталасқан заманда жұмысына ерте кетіп, кей кездері тым кеш оралып жатады. Ал, балаларға әкенің мейірімі мен махаббаты, тәрбиесі қашан да қымбат. Сондықтан, осындай демалыс күнін пайдаланып, отбасылармен табиғат аясына шығып, байқау ұйымдастыруды жөн санадық, –дейді орталықтың директоры Берік Рақышев.
Байқау барысында қатысушы отбасылар төтенше жағдайлардан шығудың жолдарын көрсетті. Сіріңкесіз от жағу, күрке құру, балық аулау шаралары отбасылардың ерекше дайындықпен келгендіктерін аңғартса, спорттық ойындардан олардың бірлігін, жеңіске деген ұмтылыстарын көрдік. Әке деген тұлғаның қандай болуы керектігін, оның отбасындағы беделін насихаттауға арналған  байқауға Бижановтар, Камелиновтар, Сүлейменовтер, Шәріповтер, Ертайлақовтар отбасылары белсенді қатысты. Олар отбасы құндылықтарын
насихаттап, кішіпейілділік, құрмет, сыйластық, татулық секілді адамгершілік қасиеттердің үлгісін көрсетті.
Алдағы уақытта Берік Рақышев «Әкелер клубы» жобасын жүзеге асырмақшы. Қазіргі таңда мұндай ұйымдар Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен Көкшетау қаласының №17 орта мектебінде жұмыс істейді.
Алдағы уақытта облыстың барлық аймақтарындағы білім ордаларында осындай клубтарды қолға алу жоспарға алынған.
– Бала тәрбиесінде тек қана аналардың ғана емес, әкелердің де рөлі мен жауапкершілігі зор. Анадан бала мейірімділік, адалдық, адамгершілік секілді жақсы қасиеттерді бо-йына сіңірсе, әкелерден қайсарлық, намысқа бермеу, шешім қабылдау, жігерлі болу тәрізді адамға қажетті құндылықтарды алады. Бұл әсіресе, ер балалар үшін қажет, – дейді Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова.
Байқау барысында отбасылар өздерінің бірлігі мен бір-біріне деген сенімін, жеңіске жетуге деген құлшыныстарын көрсетті. Жарасым тапқан отбасылардың арасында өткен мерейлі байқаудың қорытындысы нәтижесінде Шәріповтер отбасы жеңіске жетті. Байқауға қатысқан барлық отбасылар ұйымдастыру алқасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар