Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тоңазытқышта сақтауға болмайтын азық-түліктер - АРҚА АЖАРЫ

Тоңазытқышта сақтауға болмайтын азық-түліктер

Төмен температурада бұзылып қана қоймай, пайдалы қасиеттерін жоғалтып, түрі мен дәмі өзгеретін өнімдер бар. Бұл орайда, тоңазытқышта сақтауға болмайтын азық-түлік тізіміне назар аударыңыздар. 

• Картоп
Картоп та суық сүймейтін көкөністер қатарынан. 7 градустен төмен температурада тәтті дәмге ие болады. Ал, мұндай картопты пісірген кезде құрамындағы канцерогенді акриламдид мөлшері артады. Аталған көкөністі сақтаудың тиімді әдісі – қағаз пакетке салып, салқын жерге қою.
• Банан
Тоңазытқышта сақталған банан жылдам қараяды. Егер дүкеннің жеміс сатылатын бөлімінен қарайған банан көрсеңіз, ол жемістің піскендігінің белгісі емес. Демек жеміс тасымалдаған кезде дұрыс сақталмаған.
• Тропикалық жемістер
Тропикалық жемістер төмен температурада сақталғанда шіри бастап, зиянды заттар бөледі. Дұрысы оларды қағазға орап, бөлме температурасындағы құрғақ жерде сақтау керек.
• Пияз
Тоңазытқыштағы ылғал салдарынан пияз балғындығын жоғалтып, жұмсарып, тез бұзылады. Оған қоса шамадан тыс ылғал зиянды бактериялардың пайда болып, көкөністің көгеруіне сеп болады.
• Кофе
Егер кофе тағамдар иісін сіңіріп алғанын қаламасаңыз, оны тоңазытқышқа қоймаңыз. Ол суық пен ылғал себептерінен хош иісін жоғалтады. Дұрысы кофені қараңғы, құрғақ әрі салқын жерде сақтаңыз. Ал, ұзақ уақыт сақтағыңыз келсе, мұздатқышқа салып қойыңыз.
• Бал
Тоңазытқыштағы суық пен ылғал кристалдануына ықпал етіп, бал өзіндік құрылымын, дәмін және пайдалы қасиеттерін әдеттегіден жылдам жоғалтады. Ол үшін құтыға салып, қақпағын мығым жауып, бөлме температурасында, қараңғы жерде сақтаңыз.
Дайындаған
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар