Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
1 қыркүйек – Құрбан айттың алғашқы күні - АРҚА АЖАРЫ

1 қыркүйек – Құрбан айттың алғашқы күні

Қымбатты мұсылман қауым!  Құрметті жерлестер!
Біз қанша ғасырдан бері ислам күнтізбесіндегі екі ұлық мейрамның бірі – Құрбан айт мерекесін шынайы ыждаһатпен тойлап келеміз. Кешегі кеңес заманында да бұл мерекені иманы бар адамдар атап өтіп жатты. Бүгінде тәуелсіз ел болып, азаттық алып жатқан кезде бұл мереке Елбасының Жарлығымен мемлекеттік мейрам ретінде тойланады. Сондықтан, Құрбан айт барша мұсылмандар үшін аса қастерлі саналады.
Бұл мереке күнін мұсылмандар шат-шадыман болып қуана тойлап, бірін-бірі құттықтап, дұға тілесіп өткізеді. Шалынған құрбандарына арналған дастарханнан дәм татады. Жетім-жесірлерге де, мұқтаж адамдарға да қарасып, құрбан малдың етін таратады. Жалпы, бұл ізгіліктің мерекесі болып табылады.
Осы күні облыстың бүкіл мешіттерінде тағылымды шаралар өтеді. Мерекелік рәуіштегі бағдарламалар ұсынылып, халықтық мейрам ретінде тойлау жалғасын табады. Бұл ретте қайырымдылық шараларға көбірек назар аударылады.
Осының бәрі асыл дініміздің ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан тағылымды жолы дер едік. Қазір әркім осы мерекені сағына тосады. Құрбан шалу – мерекенің ең бас-
ты рәсімдерінің бірі. Қасиетті Құран Кәрімде: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін жалғыз нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалық, Аллаға деген құрмет» («Хаж» сүресі, 37-аят) делінеді.
Шамасы келген адамдар құрбан шалып, Аллаға жақындай түсуі керек. Ең бастысы, имани құндылықтар адамды ізгілікке бастайды. Бұл мереке де құрбан шалып, дастархан жаю емес, асыл дініміздің адамдарды тек жақсылыққа жетелеп, өзгенің де қамын ойлап, қарасуға тәрбиелейді.
Рухани жаңғыру бастау алған кезде дініміздің де жоралғы рәсімдері жандана түсіп, қазағымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып, ұлтымыздың өркениетті елдермен терезесін теңестіру үшін биік белестерді ала беруіне тілектестігімізді білдіреміз.
Құрбан айттарыңыз қайырлы да құтты болып, Алла тағаладан тілеген дұғаларымыз қабыл болуға жазғай!

Қуаныш СӘБИТ,
ҚМДБ-ның Ақмола облысы  бойынша өкілі, Науан Хазірет  мешітінің бас имамы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар