Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін жетілдірудің аймақтық орталығының директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Әлібек БАЙМАҒАМБЕТОВ: «Елдік мұраттарымыздың қайнар көзі» - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін жетілдірудің аймақтық орталығының директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Әлібек БАЙМАҒАМБЕТОВ: «Елдік мұраттарымыздың қайнар көзі»

Қабылданған кезінен бері  Ата Заңымыз бірқатар өзгертулерді де бастан өткерді. Арнаулы тілшіміздің халық қалаулысымен төмендегі сұхбатында осы өзгерістердің мән-маңызы, жалпы, Конституциямыздың ел өміріндегі  алатын орны жайында әңгіме өрбиді. 

– Әлібек Бекболатұлы, Конс-титуция дегеніміз – мемлекеттің өмір сүретін негізгі заңы. Ондай заң қазақ хандығы кезінде де болды. Мәселен, Әз-Тәукенің «Жеті жарғысы», «Қасым ханның  қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» секілді дала заңдары ешбір өзгертусіз, сол қалпы сақталды. Ал, біздің негізгі заңымызға өзгертулердің соңғысы биыл енгізілгені белгілі. Осы соңғы толықтырулардың қаншалықты маңызы бар?  
– Біз құқықтық мемлекетте тұрып жатырмыз. Сондықтан, заман талабына сай заңға өзгерістер енгізілуі мүмкін. Биыл жылдың басында халық арасында үлкен талқылаудан өтіп, наурыз айында Конституцияға толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Конституциялық заңдарға өзгертулер енгізу туралы талқылаулар кезінде мен өзім бір ай бойы жергілікті жерлердің тұрғындарымен кездестім. Президенттің өзінің 35 өкілеттігін Парламент пен Үкіметке бөліп берудегі маңызын түсіндіріп, олардың да ұсыныстарын жазып алдым. 25 жылда өзгерістерге енген құжат әлі де өзгереді. Бірақ, оған түзетулерді жиі жасай беруге болмайды. Қазір Конституцияның көптеген ережелері өзгерді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен 30-40 шақты түзетулер мен толықтырулар енгізілді.
– 1995 жылы қабылданған Ата Заңға осы уақытқа дейін бірнеше рет өзгертулер енгізіліпті. Оған қатысты ел арасында әртүрлі пікірлер де айтылып жүр. Осының себептерін тарқатып берсеңіз?
– Конституция – елдік мұраттарымыздың  қайнар көзі. Біз Кеңес Одағының боданынан шығып, тәуелсіз ел болғанымызға әлі 25 жыл ғана. Біз жаңа мемлекет құрдық, рәміздерімізді бекіттік, заңдарымызды енгіздік. Бірден идеалды мемлекет болып кету мүмкін емес. Сонымен бірге, қоғамда да түрлі өзгерістер орын алды. Адамдардың өмірге деген көзқарастары, менталитеті, дәстүрлері өзгерді. Мұның барлығы негізгі заңға да әсер етеді. Соңғы өзгертулерге тоқталсам, Елбасы өкілеттіліктерін бөліп беру арқылы жауапкершіліктен қашқан жоқ. Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттырғысы келді. Мысалы, бұған дейін қаншама мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Көбі аяқсыз қалды. Енді олардың жүзеге асырылуына Үкіметтің әр мүшесі жауапты болады. Бұрын «Сапалы су» бағдарламасы болды, ауылдардың бәрі сапалы сумен қамтылды ма? Жоқ. Су мәселесі рес-публикада әлі күнге дейін өзектілігін жоймай отыр. Қазір «Ақбұлақ», «Қолжетімді баспана» секілді бағдарламалар жүзеге асырылуда. Бағдарламаны кім жасады? Ал, Мәжіліс депутаттарын кім сайлады? Бәрін өзіміз сайладық. Мені депутат ретінде кім сайлады, халық сайлады. Енді бәрі бір-бірімен байланысты. Мұның бәрі конституциялық құжатта көрсетілген. Сонымен бірге, қазір үкіметтік ұйымдар емес, керісінше азаматтық қоғам күшейіп келеді. Қоғамдық ұйымдардың рөлі артуда. Биліктің бір бөлігі бәсекелі ортаға беріліп жатыр. Мысалы, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық бірлестігін алып қарайық. Ол құқық қорғау органдарының жұмыстарын бақылайды, шенеуніктерді тексереді, оның төрағасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстағы департаменті жанындағы «Әдеп» кеңесіне қатысады, «Нұр Отан» партия-сымен бірлесіп, жергілікті бюджеттің қайда жұмсалып жатқанына дейін бақылау жасай алады. Сонымен бірге, қоғамдық кеңестер жұмыс істейді. Осының барлығы заңдарға өзгертулер мен толықтыруларды енгізудің арқасында.
– Конституцияға биыл енгізілген өзгертулердің ішінде 26-шы бап бар. Бұл – жер мәселесіне қатысты. Осы жайында ой бөліссеңіз.
– Аудандарға шыққанда осы 26-шы бап төңірегінде біраз даулы мәселелерге тап болдым. Жерді басқа біреуге беру әрине дұрыс емес. Біздің кең байтақ жеріміз бар. Оны хал-қадірімізше өзіміздің халқымыз пайдалануы тиіс. Жер шетелдіктерге берілмейді, Елбасы оған өзі шек қойды. Себебі, халқымыз оған әлі дайын емес. Қытайлықтарға берілді деп шуладық. Статистика бойынша қытайларға жалға берілген жер өте аз. Біз ешқашан ата-бабамыздың қанымен келген қасиетті жерімізді басқаға беріп қойып, тыныш отыра алмаймыз. Бірақ, бұл жерді өзіміз ақылмен пайдалануымыз керек. Ол бос жатпауы қажет. Қазір өз бизнесін бастаймын дегендерге мемлекет тарапынан 18 миллион теңгеге дейін несие беріледі. Біздің жеріміз қара топырақты, құнарлы. Бірақ, халқымыз аздап жалқаулау. Миллиондаған гектар жеріміз бос жатыр. Соны өзімізге игерсек, басқалар келіп, жерімізді жалға сұрамайды. Біздің халқымыздың 20 пайызы ғана шағын және орта бизнеспен айналысады. Дамыған мемлекеттерде 60-80 па-йыздан асады. 160 мың ақмолалық өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, бірақ, олардың көбі мал шаруашылығымен айналысуда. Басқа жұмысты да игеру керек. Мысалы, мұнайды шығару үшін не істедік, шетелдіктерді шақырдық, ал, қазір мұнай қалай дамуда?! Алла жазса, өзгерістер болады. Жерді рацио-налды және тиімді түрде пайдалансақ, Бетпақдаланы да көтеруге болады. Бізде Қорғалжында ғана қоқиқаздар бар. Ол жақты да дамыту қажет. Қазір онда баруға жол нашар. Жол, сервис, байланыс болмаса, туризм қалай дамиды?
– Неке және отбасы құндылықтары да басты заңда жан-жақты қарастырылған. Біздің елде ерлі-зайыптылардың ажырасуы көбейіп кетті. Бір жылда үйленгендердің тең жартысы айырылысып жатады екен. Тіпті, белгілі бір материалдық қажеттіліктер үшін заң жүзінде ажырасып, азаматтық некеде тұра беретіндер де бар көрінеді. Осыған қалай қарайсыз? Мүмкін бұл орайда, заңды қатайту қажет шығар?
– Ажырасу қазір біздің қоғамда өте өзекті мәселеге айналып кетті. Ол да  заңмен реттеледі. Десек те, жас отбасыларға жағдай жасалу қажет. Бас-панамен қамту керек. Бұрынғыдай біз секілді олар жатақханаларда тұрғылары келмейді. Ұрыс-керіс содан басталады, одан ата-аналары араласады.  Интернет те кері әсер етуде. Елімізде балаларға бір жасқа дейін ғана жәрдемақы төленеді, әрі қарай 3 жасқа дейін оларды кім асырайды? Әлеуметтік сала отбасылардың сақталуына көп көңіл бөлуі керек.
– Ата Заңның жетінші бабының бірінші тармағында «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп жазылса, осы баптың келесі тармағында орыс тіліне де басымдық берілген. Өзгертулер мен толықтырулар енгізгенде осы бапқа түзету жасап, мемлекеттік тілге бірыңғай басымдық беруге болмас па екен?
– Мен өзім де қазақ тілін жетік білмегенім үшін ұяламын да, өкінемін де. Мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру орталығын басқарып отырғаннан кейін жақында екі-үш семинарды қазақ тілінде өткізбекші болдық. Қазақша дәріс оқып, семинар-тренинг өткізетін мамандарды да таптық. Бірақ, әлі күнге дейін көбі түсінбейді. Орысша өткізуге мәжбүрміз. Қазақша білетіндері әр мекемеде саусақпен санарлық қана. Қалада қазір 23 мектеп бар, соның екеуі ғана (№3 және 18 ОМ) таза қазақ мектептері. Осыдан кейін не айтуға болады?  Конституцияда нақты белгіленді ме, оны жүзеге асыруымыз керек. Орыс тілінсіз де болмайды. 6,5 мың шақырым жеріміз Ресеймен шектесіп жатыр, сондықтан, орыс тілін де сырт қалдыра алмаймыз. Дегенмен, Кеңес үкіметі кезінде бізден ешкім ештеңе сұраған жоқ, үйрендік қой. Сол секілді олар да үйренеді. Тек уақыт қажет.
– Конституция күні мерекесінде оқырмандарымызға қандай тілек айтар едіңіз?
– Барша қазақстандықтарды Конституцияның 22 жылдығымен құттықтаймын! Біздің басты құжатымыз әлі жас, оған тек қана позитивті өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін. Халқымыз аман, еліміз тыныш болсын, ағайын!
– Сұхбатыңызға рахмет.

Сұхбатты жүргізген арнаулы тілшіміз Ырысалды ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар