Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әрқашан күн сөнбесін - АРҚА АЖАРЫ

Әрқашан күн сөнбесін

Әрбір күнін бала бақшада балалықтың балдай алаңсыз тәтті  шаттығымен өткізіп келе жатқан біздің балаларымыз шынында да бақытты ұрпақтар қатарынан.

Ал, бұл бейбіт күннің оңай келмегенін, ол үшін аталарымыз бен әкелеріміз шыбын жанын қиып, өз өмірлерін сарп еткенін осы балалар да білулері тиіс. Сондай бір мақсатпен «Арман» бала бақшасында «Балдырған» мен «Гүлдер» топтары арасында танымдық шара өткізілді. Ол биыл 72 жылдығы атап өтілген Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналды.
Сондағыдай жадыраңқы май күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол алапат қайғыны, –
деп бүлдіршіндер бір минут үнсіздік жария-
лады. Одан кейін екі топ арасында ашық сабақ өткізілді. Балалар бұл сабақта сол бір сұрапыл соғыс туралы және оған қатысқан қазақстандықтардың ерен ерліктері жайлы мәліметтермен танысты. Бүлдіршіндер Қазақстан Республикасының   Әнұранын орындап, Расул, Мәлика, Әдия, Нұрай есімді ұл-қыздар жаттаған өлеңдерін мүдірмей айтып берді. Одан әрі «Барлаушы» және «Кім шапшаң?» ойындары ұйымдастырылып, кеш өте көңілді өтті. Оған Айару, Мөлдір, Нұрахмет сияқты балалар белсене қатысып, соғыс жылдары кеңінен танылған орыстың «Катюша» әніне би биледі.
Батыр аталарымыз мен әкелеріміздің ерлік істеріне терең үңіле отырып, жас ұрпақты кішкентайынан Отан қорғауға, елін, жерін сүюге баулитын бұл танымдық шараны топ тәрбиешілері өте мазмұнды өткізді. Сондықтан да, балаларды осындай үлгіде тәрбиелеп келе жатқан Гүлбағила Мұратқызы мен Әйгерім  апайларына ата-аналар тарапынан ризашылығымызды білдіреміз.

Көкшетау қаласындағы «Арман»
 бала бақшасының «Моншақ»
тобының ата-аналар комитеті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар