Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заң мен тәртіпке сүйенген ел ғана озады - АРҚА АЖАРЫ

Заң мен тәртіпке сүйенген ел ғана озады

Даңқты қолбасшы, әскери қайраткер, жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бауыржан Момышұлы «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел құл болмайды» – деп бекер айтпаса керек. Жыл сайын 30 тамызда тәуелсіз еліміздің Ата Заңының қабылданған күні салтанатпен аталып өтеді. 

Біздің Ата Заңымыз жарқын болашаққа апаратын айқын жолымыз, арқа сүйер асқар тауымыз, ардағымыз, айбарымыз. Осы әділ Заң аясында көп ұлтты Қазақстан халқы бір анадан туғандай тату-тәтті бақытты өмір сүріп, еліміздің тәуелсіздігін нығайтып, байлығын молайтып, қорғаныс қуатын арттырып келеді. «Қасым салған қасқа жол», «Есім салған ескі жол», Әз-Тәукенің Жеті Жарғысы сияқты тарихи дала заңының бүгінгі заңды жалғасы іспетті Ата Заңымыз қабылданған сәттен бастап-ақ аз ғана жыл ішінде өзінің  өміршеңдігін көрсетті. Мемлекетіміздің іргесін нығайтудағы қарышты қадамдардың бәрі Конституциямыздан бастау алады. Ата Заңымыздың ең бірінші ерекшелігі – мемлекет басқару жүйесін толық бір жүйе ретінде қарастыруы еді. Конституция
заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерін өз алдына бөлек орган ретінде емес, тұтас құрылымдық жүйе қылып қалыптастырып, олардың міндеттері және жауапкершілігін белгілеп берді. Осы Ата Заңымыздың негізінде қабылданған заңдар тәуелсіздік туын желбіретіп, дербес, егеменді елдердің қатарына қосылып, алға қарай дамуымызға кең жол ашты.
Ата заң – мемлекеттік биліктің қайнар көзі – халықтың өзі екенін айқындады, жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Конституцияны қабылдау кезінде жүргізілген референдум егеменді еліміздің дербестігі мен саяси тұрақтылығын сипаттаған бірден-бір тарихи, әлеуметтік маңызы зор құжатқа айналды.
Конституциямызда айтылғандай, еліміздің ең басты қазынасы адам, оның құқығы мен бостандықтары болып табылады. Ата Заңымыз осындай ұлан-ғайыр елімізде бірлігіміз жарасып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, тату-тәтті өмір сүруіміздің кепілдігі мен айқын нышаны болып отыр. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін, әр шаңырақта құт-береке, ырыс пен ынтымақ болсын, ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Қайрат НҰРДӘУЛЕТОВ.

Егіндікөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар