Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заман талабына орай жаңаруы заңды құбылыс - АРҚА АЖАРЫ

Заман талабына орай жаңаруы заңды құбылыс

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің басты құқықтық заңы және қолданыстағы барлық заңдардың алтын арқауы болып табылады. Сөйтіп, еліміздің заңдық тұрғыда ойдағыдай дамуына мүмкіндік туғызады. 

Мемлекет басшысы Конституцияның қатып қалған дүние емес, дамитын, өзгеріп, заман талабына сай өркендейтін тірі организм екенін атап өтті. Осы орайда, Конституцияның жаңаруға және өзгеруге ұшырап отыруы заңды құбылыс. Уақыт тоқтап тұрмайды, ол үнемі алға жылжып, жаңару, жаңғыруды бастан өткеретін тарихи үдеріс.
Соңғы конституциялық реформа мемлекетіміздің дамуының заңды нәтижесі болды. Конституциялық реформаның шеңберінде Президенттің бірқатар өкілеттігі биліктің басқа тармақтарына берілді. Үкіметтің дербестігі және қабылданатын шешімдер үшін жауапкершілігі күшейе түсті. Парламент Үкімет пен атқарушы органдардың қызметін бақылау үшін жаңа өкілеттіктер алды. Саяси жүйе демократиялық пен тұрақтылықтың үлкен дәрежесіне ие болды.
Сондай-ақ, Конституцияның 83-ші бабына да өзгерістер енгізілді. Ол Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қызметін реттейді. Енді сол өзгерістерге азырақ тоқтала кетейік. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Заңда прокуратураның конституциялық қызметі айқынырақ белгіленді. Олардың қатарына жоғары қадағалау, сотта өкілдік ету және қылмыстық қудалау жатады. Бұл қызмет мемлекет атынан жүзеге асырылады.
Конституцияның 83-бабының бұрын қолданыста болған редакциядан ерекшелігі, жоғары қадағалау заңдарды қолданумен ғана шектелуді тоқтатты, енді қадағалау негізі – заңдылықты сақтау болып табылады. «Заңдарды қолдану» және «Заңдылықты сақтау» терминдері түрлі тәртіптің құқықтық феномендерін көрсетеді.
Заңдарды қолданудың мәні мемлекеттік биліктің субъектілерімен құқықтық актілерді қабылдауы және олардың заңның нормаларды жүзеге асыратын іс-әрекеттер жасауы болып табылады.
Заңдылықты сақтау құқықтық мемлекеттің ажырамас шарты болып саналады және құқық субъектілерімен өктемдiк және жекелеген тыйым салу нормаларын бұзбауды білдіреді. Жоғары қадағалаудың шегі және түрлері де нақты белгіленді. «Кез келген заң бұзушылықтарды анықтау және жою бойынша шаралар қабылдайды» деген тұжырым алынып тасталды.
Бұрын прокурор барлығына жауап беретін, бұл көп жағдайда басқа мемлекеттік органдардың қызметін қайталауға ұрындыратын. Конституцияда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін «Прокуратура туралы» жаңа Заң қабылданды.
Онда прокурордың араласуы үшін үш негіз бекітілді: адам өз-өзін қорғай алмайды, адамдар тобының құқығы бұзылған жағдайда және егер адамның өмірі мен денсаулығына немесе мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп болса. Осы аталған жағдайларға байланысты тексерістер тиісті мәселелерді қарауға құзырлы уәкілетті мемлекеттік органдар әрекетсіздік танытқан жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Бизнес субъектілерін тексеру мүмкіндігі де шектелді. Олар Мемлекет басшысының және Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша ғана жүргізілетін болды. Сондай-ақ, сотта мемлекет мүдделеріне өкілдік ету және қылмыстық қудалау шектері Қылмыстық процестік, Азаматтық процестік және Әкімшілік кодекстерде бекітіліп, елеулі өзгерістерге ұшыраған жоқ.
Конституциялық реформа және «Прокуратура туралы» жаңа Заң Бас Прокурор Жақып Асановпен өткен жылы іске қосылған Прокуратура халық үшін – өзгерістер бағдарламасын қисынды аяқтау үшін құқықтық құрал берді.
Бағдарламада жұмыс істеудің екі көрсеткіші белгіленді: заң үстемдігі және азаматтардың сенімі. Бағдарламаның мақсатын орындау төрт басты бағытты жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледі: жаңа ұйымдастырушылық мәдениетті құру, процестерді жетілдіру және сервистік тәсілдемені енгізу, технологияларды жетілдіру және тұрақты жақсарту жүйесін құру.
Ақмола облысының прокуратура қызметкерлері Бас прокуратурамен жүзеге асырылып жатқан: «Ұрлыққа тосқауыл», «Жер заңы бойынша – өз бетінше басып алуды тоқтатайық», «Алимент төлемеуге қарсы 30 қадам» және басқа да жобалардың аймақтық менеджерлері болып табылады.
Бұдан басқа, облыс прокуратурасы жобалық менеджменттің құралдарын қолданып қылмыстық процесті оңтайландыру үшін жұмыс жасауда. Құқық бұзушылықтардың алдын алу, экстремизмге және терроризмге, жер қойнауын заңсыз пайдалануға қарсы іс-қимыл және басқа да бағдарламаларды жүзеге асыруда. Мұның барлығы облыстың әр тұрғынының және жалпы аймақтың проблемаларын шешуге бағытталған.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 22 жылдығы қарсаңында облыстың барлық тұрғындарын осы айтулы мерекемен құттықтаймын! Баршаңызға ашық аспан, әрбір отбасыға береке-бақыт тілеймін!

Тимур ТӘШІМБАЕВ,
Ақмола облысының  прокуроры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар