Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа маусымға – жаңа ізденіс - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа маусымға – жаңа ізденіс

Биылғы жылы жаңа маусым аясында «Қазақстан» телерадиокорпорациясы құрамына енетін арналар мен радиолардың жұмысында бірқатар өзгерістер орын алады. Бұл өзгерістер ауқымды болады, ең алдымен, корпорация құрамындағы «Қазақстан», «Қазспорт», «Балапан» арналары мен радиостанциялардың негізгі белгілері – логотиптері өзгертілді. 

Мәселен, жаңа телевизиялық маусымда «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Qazaqstan» ал, «Қазақстан-Көкшетау» облыстық телеарнасы «Kokshe» болып өзгертілмек. Жаңа маусымда қалың көрерменнің жергілікті телеарнадан күтері көп. Осы орайда, атқарылып жатқан  жұмыстар төңірегінде тілшіміз «Қазақстан РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалының директоры, Қазақстанның құрметті журналисі Әлібек Татановпен жолығып, сұхбаттасқан еді.    
– Әлібек Жартайұлы, филиал тізгінін ұстаған сәттен-ақ, талайға ғибрат болар игі істерді қолға алып, соны жаңалықтармен елді елең еткізіп келесіз. Соған қарағанда жаңа маусымда да тың ізденістер көп болатын шығар?
– Біз бұл маусымға тыңғылықты дайындалдық. Студиялар толығымен жаңартылды.  Эфирге жаңа бағдарламалар енгізіледі. Сондай-ақ, эфирдің графикалық, дыбыстық безендірулері өзгертіліп, арнаның басты дауысы да ауысып, тағы да басқа өзгерістер орын алады. Телекорпорация құрамындағы арналардың атауында өзгерістер болады. Сонымен қатар, корпорацияның үлкен медиа-актив екендігін айқындайтын арнайы белгі – мемлекеттің туы іспеттес логотип жасалды. Сол арқылы медиа-активтердің тұтастығы әйгіленді. Жоғарыда айтылғанға  сәйкес, корпорацияның құрамына кіретін 14 аймақта арналардың атаулары да өзгереді. Бұрынғыдай «Қазақстан – Ақтау» деген сияқты атаулардың орнына, енді жергілікті аймаққа тән, ел аузында жүрген, құлаққа сіңген жер атаулары енгізілетін болады. Мысалы «Kokshe», «Mangystau», «Ontustik», «Qyzyljar», «Altay», «Ertis», т.с.с. Ребрендингтің негізгі мақсаты – корпорацияның халықаралық теленарықтағы танымалдылығын арттыру. Бұл өзгерістер корпорацияның, арнаның және басқа да құрылымдардың жаңа технологияларға, жаңа стандарттарға сай екендігін білдіреді.  Ең бастысы, жаңа маусымда «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында ондаған жаңа жобалар іске асады. Қоғамдық, интеллектуалдық бағыттағы бағдарламалардың саны артады. Реалити-шоу сияқты жанрлар енетін болады. Олардың ішінде екі халықаралық мегажоба: «Жібек жолы жұлдызы», «Мен қазақпын!» тележобалары бар. Кәсіпкерлікті
насихаттайтын «Үміткер» шоуы және табиғаттың тылсым күші мен құдіретін көрсететін  «24 сағат табиғат құшағында»,  ұлттық эстраданы насихаттайтын «Hit Qazaqstan» музыкалық хит-шеруі, киелі Қазақстанның  сан қырлы тарихы, сан ғасырға куә болған – «Ұлы дала ұлағаты», әулет бақытына арналған – «Ене мен келін», түрлі мамандықтың қыры мен сырын танытар «Сенің орныңда» және тағы да басқа бағдарламалар жаңа маусым төрінен орын алады. «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасы да жаңа телевизиялық маусымда «Kokshe» деген атауға ие болып, тың бастамаларды қолға алып отыр.
– Ендеше, осы жайында толығырақ тарқатып, айтып кетсеңіз?        
– Бүгінгі таңда телеарна ғимараты жанынан өңірлік журналистика музейі құрылуда. Мұражайда өмірін осы салаға сарп етіп, журналистиканың дамуына сүбелі үлес қосқан аға буын өкілдерінің еңбек жолы мен аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының даму сатылары паш етіледі деген жоспар бар. Сондай-ақ, телеарна жанынан кітапхана ашу жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде ақмолалықтардың қолдауымен 3 мыңнан астам кітап қоры жиналып қалды. Айтпақшы, көпшілікке ұсынар кітаптарыңыз болса, Көкшетау қаласындағы Куйбышев көшесі, 19 мекен-жайы бойынша қабылдау жүргізіліп жатыр.  Материалдық-техникалық база да нығаюда. Студия жаңартылды. Жақында ғана «Tricaster» виртуалдық студиясы мен бірнеше студиялық бейнекамера орнатылды. Бұл да корпорация басшылығы және облыстық әкімдіктің қолдауымен жүзеге асырылып отырған шара.

Жаңа маусымда 20-дан астам тың телевизиялық жобалар енгізілуде. Атап айтар болсақ, облыстағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен мүгедектерге, басқа да көпшіліктің қолдауын қажет ететін жандарға киім-кешек, азық-түлік, тұрмыстық техника сияқты қажетті заттарды жинау мақсатындағы «Асар» телемарафоны,   өңірдегі балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін көрсете отырып, балаларға жаңа отбасылар іздестіруді көздейтін «Бойтұмар» бағдарламасы көрерменге жол тартты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына үн қосу мақсатында «Жәдігерлер жаңғырығы», «Этно-Әлем» сияқты циклдік бағдарламалар, «Объектив», «Тіршілік», «Октава», «Даму діңгектері», «Индекс», «Интонация», «00-00» жастардың түнгі телетриптихы, «Сәттілікке 1001 қадам!» атты тақырыптық хабарлар көрермен назарына ұсынылады. Эфирге тәулігіне 4 рет жол тартатын қазақ және орыс тілдеріндегі «Kokshe-Aqparat» жаңалықтар топтамасы да заманауи технологияларды пайдаланудың арқасында жаңа форматқа ие болды.
– Жаңа маусымда жаңа брендке ие болып, жасанып, жаңарған телеарнаның жақсылығы көп болсын. Сұхбатыңызға көп рахмет!
 Сұхбатты жүргізген  Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар