Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жеке мәселелері бойынша қабылдады - АРҚА АЖАРЫ

Жеке мәселелері бойынша қабылдады

Облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында жеке мәселелері бойынша өтінішпен келген бірқатар азаматтарды  қабылдады. Сондай-ақ, қабылдауға скайп байланысы арқылы Степногорск қаласынан да бірнеше адам қатысып, өз өтініштерімен және ұсыныс-тілектерімен бөлісті. 

Көкшетау қаласындағы №6 орта мектепті биыл бітірген Томирис Саматова мектеп қабырғасында жүріп жазушылыққа бой ұрыпты. Ол бүгінгі күнге дейін жасөспірімдерді толғандыратын өзекті мәселелерге арналған екі кітап жазып шығарған екен. Томиристің әкесі Самат Жәркеновтың айтуынша, өз қаражатына 800 кітап шығарыпты. Кітапқа деген сұраныс та жақсы көрінеді.  Тіпті, жас жазушы жазған кітапты Білім және ғылым министрлігі болашақта мектептерде міндетті түрде оқытылатын қосымша оқулық  ретінде шығару мәселесін қарастырып жатқан көрінеді. Томирис қала мектептерінде кітаптарының тұсаукесерін өткізген және балалар мен жасөспірімдер арасында оның кітаптарына деген үлкен қызығушылық байқалған. Самат Жәркенов облыс әкімінен биыл Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті атанып отырған Томиристің кітаптарын көбейтіп шығаруға қажетті қаржы мәселесін шешуге көмектесуді сұрады.
Айна Ермекқызы жасөспірімдер мәселесін көтерген жас жазушының кітабын шығаруға қажетті көмек көрсетілетінін айтып, ең алдымен кітаптарды өзі оқып шыққысы келетінін білдірді. Қазіргі күні облыс кітапханалары тарапынан кітапқа сұраныс бар екен. Кітапты шығаруға қажетті қаржы табылса, оны көп таралыммен шығарып, кітапханаларға таратуға мүмкіндік  бар.
Степногорск қаласынан скайп арқылы хабарласқан Алена Подуруева созылмалы дертпен ауыратынын, тұрақты түрде дәрі-дәрмек қабылдайтынын айтып, облыс әкімінің орынбасарынан дәрімен қамтамасыз етуге қол ұшын беруді сұрады. Ол таяу күндері облыстық емханаға келеді екен. Сол кезде денсаулық сақтау басқармасы мамандары онымен кездесіп, қандай көмек қажет болатынын анықтайтын болды. Степногорск подшипник зауытының кәсіподақ комитетінің төрайымы Валентина Иванова кәсіпорында жұмыс істейтін біраз жұмысшылардың жеңілдетілген дәрі-дәрмек алуы мәселесін шешіп беруге жәрдемдесуді сұрады. Облыс әкімінің орынбасары оған ауыратын адамдардың тізімін жіберуді тапсырды және осы мәселені шешуді  қабылдауға қатысқан денсаулық сақтау басқармасының өкіліне міндеттеді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар