Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аршалыдағы мешіт қуанышы - АРҚА АЖАРЫ

Аршалыдағы мешіт қуанышы

Құрбан айт мейрамының алғашқы күні Аршалы селосында аудан тұрғындары үшін әлденеше жыл арман болған Нұралы би атындағы мешіттің есігі айқара ашылып, исі мұсылман қауым қуанышқа бөленді. 

Осы күні Аршалы аспанында Алланың нұры жауып тұрғандай болды. Күн шайдай ашық. Арқаның ақ таңы тамылжып атысымен аудан тұрғындары көздің жауын алатын əсем де, зəулім мұнаралы Нұралы би атындағы жаңа мешітке қарай ағылды. Олардың арасында аудан əкімі Азамат Тайжанов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы,  Нұралы бидің ұрпақтары мен аудан тұрғындары бар. Жаңа мешіт маңына жиналған, жандары жадыраған жамағат көптен күткен қуаныштарына ортақтасып бір-бірінен сүйінші сұрасып, құтты болсын айтып жатты.
– Осы мешіттің ашылуын халық сағына, сарғая үлкен үмітпен күтті. Ауданда бұған дейін дəл осындай тамаша мешіт болған емес. Тұрғындар ескі дəмхананы мешітке айналдырып, намазын сонда оқып жүретін еді. Енді үміттері ақталып, қуанышқа бөленіп отырмыз, – деді аудандық мешіттің бас имамы Ерболат Қастайұлы өз сөзінде.
Сонымен қатар, осы мешіттің ашылуы салтанатына арнайы келген Алтынбек Ұтысханұлы барша жиылған жамағатты құттықтап, өз лебізін білдірді.
– Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Алла үйін тұрғызған адам үшін жәннатта сарай салынатынын өсиет етіп, сүйіншілеген. Ендеше, жаңа мешіт имандылықтың темірқазығына айналсын. Құрметті бауырлар, біздер қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт, тыныш заманда өмір сүріп отырмыз. Құлшылық жасауға барлық азамат құқылы. Құдайға құл, адамға ұл болуды, имандылықты ту етуді мақсат тұтуымыз керек, – деген Алтынбек Ұтысханұлы мешіт кітапханасына ең үлкен сыйлық – қасиетті Құран Кәрімді тарту етті.
Ал, мешіт құрылысына келетін болсақ, алғашында Алланың үйін 300 адамға лайықтап салу жоспарланған екен. Кейін қаражатқа байланысты 250 адам сиятындай етіп өзгерткен. Мешіт құрылысына 50 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған. Қаржы аудан тұрғындары мен демеушілердің қаражаты есебінен. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың тамыз айында басталып, тура 1 жылдың ішінде толық аяқталып отыр. Ішінде ерлерге арналған, әйелдерге арналған кең залдар бар, неке қиятын бөлмесі, асханасы, дәрет алатын жерлері заман талабына сай. Жалпы, мешіт құрылысы шығыс-араб үлгісімен салынған.
Осы орайда, «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, осы игі істің басы қасында жүрген басты демеуші  «Михайловка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Марат Зейнуллиннің ерен еңбегін атап өтуге болады.
Алдағы уақытта мешіт қасынан 200 орындық медресе де ашу жоспарда бар. Шара барысында ұлттық спорт ойындары мен түрлі мəдени шаралар ұйымдастырылды. Салтанатты шара жаңа мешітте айт намазы оқылғаннан кейін мерекелік аспен яқталды.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар