2017-2018 оқу жылынан бастап, еліміздің барлық мектептері бес күндік оқыту жүйесіне сәйкес жұмыс істейтін болды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» атты санитарлық ережелерге өзгертулер енгізді. Жаңа талаптарға сәйкес, әр сабақтың ұзақтығы 40 минутты құрайды және бір күннің оқыту жүктемесі алынып тасталды.
Осылайша 2017-2018 оқу жылынан бастап елімізде бес күндік оқыту аптасына көшуге 1 сыныптан 11 сыныпқа дейін рұқсат берілді. Енді бес күндік оқу аптасына көшу әр мектептің әкімшілігі мен қамқоршылық кеңесі немесе ата-аналар комитетінің келісуі бойынша жүзеге асады.
«Арқа ажарының»
өз ақпараты.