Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елдіктің бастауы, ерліктің дастаны – Ерейментау - АРҚА АЖАРЫ

Елдіктің бастауы, ерліктің дастаны – Ерейментау

Кеше Ереймен жұртшылығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын ту ғып ұстап, жалпыұлттық патриотизмді қалыптастыру, қоғамдық сананы жаңғырту бағытында Аудан күні мерекесіне орайластырып,  бірнеше ауқымды мәдени іс-шаралар өткізді.

 

Үмбетей жырау атындағы мәдениет үйінде ұйымдастырылған ғылыми-практикалық конференцияға арнайы келген Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің бір топ ғалымдары және Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау қалалары мен Павлодар, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының зиялы қауым өкілдері, ел азаматтары, жастар да қатысты. Аталмыш шара аясында «Қанжығалы» атты шежіре кітабының тұсаукесері болып өтті.
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында университет ғалымдары мен жергілікті тарихшылардың қатысуымен өтіп жатқан ғылыми-практикалық конференция облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің қолдауымен ұйымдастырылып отыр,–деді аудан әкімі Ермек Нұғыманов.
Жиында Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, Қазақстан Республикасы  Ұлттық Ғылым академиясының академигі Диқан Қамзабекұлы «Рухани тұлғалар: тарих және тағылым» тақырыбында баяндама жасап, дала өркениетінің рухани құндылықтары туралы кеңінен әңгімелеп берді. Сонымен қатар, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев «Қанжығалы қарт Бөгенбай батырлар әулетінің өкілі, тарихи тұлға» тақырыбында баяндама жасады. Филология ғылымдарының докторы Серік Негимов Ереймен елінің би-шешендері туралы өз ойын ортаға салса, ғалым Әміржан Әлпейісов Бөгенбай батырдың тәуелсіздік жолындағы қазақ жастарының санасын серпілтудегі орны туралы жан-жақты тарқатып айтып берді. Филология ғылымдарының кандидаты, ғалым Қайырбек Кемеңгер ақын Олжабай Нұралыұлының өлеңдеріндері ел тағдырының суреттелуін сөзбен бейнелеп жеткізді. Жиында Ерейментау ауданының құрметті азаматы Сайлау Байбосын Ерейментау өңірі  мен Қанжығалы елінің тарихынан сыр шертетін деректерді тілге тиек етсе, Целиноград аудандық газетінің редакторы Жанат Түгелбай  рухы биік бабалар хақында ой қозғап, тарихтан тағылымды сыр шертті.
Ертең, яки сенбі күні ғылыми-практикалық конференциядан бастау алған мерекелік шара ұлттық спорттық ойындарымен жалғасады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар