Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Басқалар да үйренсе... - АРҚА АЖАРЫ

Басқалар да үйренсе…

Менің ұлтым орыс. Бірақ, бала күнімнен қазақ ауылында өскеннен  кейін маған қазақ тілінде сөйлеу, ойымды жеткізу, қатесіз жазу аса қиындық тудыра қойған жоқ.

Әсіресе, қазақы орта, құрбы-достарымның көп болуы оң ықпалын тигізді. Байқап отырсам, тіл үйренгенімнің болашағыма бергені мол болған екен. Қазіргі таңда сол сәтті қадамымның арқасында оқуымды жалғастырып жатырмын. Әрі болашағыма да үлкен сеніммен қараймын.
Адамға алдыменен ынта керек дегенді өз тәжірибемнен өткерген мен үшін, ендігі мақсат латын әліпбиін жақсы білу. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» демей ме, даналар. Олай болса, мен өз еліме, оның қарыштап дамуына, өркендеуіне оның заңды мұрагері – қазақ халқының ана тілін, рухани болмысын, мәдениетін біле отырып һәм оны бұзбастан, барын жоғалтпастан келер ұрпаққа жеткізу арқылы  үлесімді қоспақпын.
Болашақ жастардың қолында екеніне сенетін маған елдің әрбір тыныс-тіршілігі, саяси тұрақтылығы маңызды. Елбасымыздың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын да қуана қоштаймын. Ал, сол мақаланы қазақ тілінде оқып, кедергісіз ұғынған мен үшін үлкен ғанибет болды.
 «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп өскен маған осы тілдің қадірі артық, бағасы қымбат. Ізденіс арқылы дамудың дара жолын табуға болады. Сол себепті, өзімнің ұлты басқа достарыма: қазақ тілін үйренейік демекпін. Өйткені, мемлекеттік тілдің мүмкіндігі зор. Қазақ тілін үйрендім, ағылшын тілін де меңгерудемін, енді қандай тілді үйренсем екен деген ойдың болатындығын жасырмаймын.  Осы орайда, айтарым, басқалар да қазақтың тамаша тілін неге үйренбейді?!. Осынау мүмкіндікті пайдаланып, баспасөз арқылы барша қазақ жұртын, отандастарымды Тілдер мерекесімен шын жүрегіммен құттықтаймын. Көк аспан, саф ауа, жарық күн ортақ болса адамзатқа, неліктен ортақ болмас тілім жатқа?! Отандастарыма ортақ мерекенің берекесі ортаймасын демекпін.
 
Анастасия БОНДАРЕВА,
 Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары педагогикалық колледжінің студенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар