Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарындағы Лас-Вегаста WBA, WBC, IBO, IBF және The ring тұжырымдары бойынша бокстан әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек аяқталған соң Геннадий Головкинге жеделхат жолдады.
«Миллиондаған қазақстандықтар саған бір ауыздан қызу қолдау көрсетті. Сен тартысты әрі жанкешті жекпе-жекте айрықша табандылық танытып, қажымас қайрат пен асқан шеберлік көрсеттің. Сенің кәсіпқойлығың, зор қабілетің, қол жеткізген абырой-беделің, ең бас-тысы – өз ісіңе шексіз адалдығың келешектегі жарқын жеңістеріңнің кепілі бола берсін», – делінген жаделхатта.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев боксшыға зор денсаулық және алдағы белестеріне табыс тіледі.
Нұрсұлтан Назарбаев жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарының ашылу рәсіміне қатысты. Мемлекет басшысы Ашхабадта жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Ойындар «Денсаулық. Жігер. Достық» ұранымен өтуде. Спорт сайыстарына Азия және Океания елдерінен келген 65 делегацияның 6 мыңнан астам спортшылары мен ресми өкілдері қатысуда. Қазақстан құрамасы спорттың көптеген түрлерінен сайысқа түседі. Жарыс бағдарламасына спорттың 21 түрі енгізілген. Сайыстар жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, баскетбол, футзал, теннис, тректегі веложарыс, 50 метрлік бассейнде жүзу, конкур, спорттық би, боулинг, бильярд, шахмат, тай боксы, тхэквондо (WTF), кикбоксинг, самбо, джиу-джитсу, күрес, белдесу, грек-рим күресі, еркін күрес, түрікмен ұлттық күресі бойынша өтеді.