Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлеуметтік қызмет жақсарады - АРҚА АЖАРЫ

Әлеуметтік қызмет жақсарады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде әлеуметтік қызмет көрсету саласын одан әрі жетілдіру тұғырнамасын талқылау жөнінде брифинг өтті.

2021 жылға дейінгі әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қайта құруларды одан әрі жетілдіру шаралары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани  жаңғыру» бағдарламалық мақаласын және еліміздің 2030 жылға дейін әлеуметтік даму концепциясын іске асыру үшін әзірленді.
Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласын дамыту жүйесін жетілдірудің негізгі мақсаты өмір сүру сапасын арттыру болып табылады. Брифингте сөз алған облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Алтын Ақбарова жетілдірудің негізгі бағыттарына тоқталып өтті. Концепция бо-йынша алдымен, азаматтардың әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылуын кеңейту және оларға көрсетілетін қызметтердің дәл жеткізілуін қамтамасыз ету,  арнаулы әлеуметтік қызметтер стандарттарын жаңарту,  әлеуметтік қызмет көрсету саласын қаржыландыру тетіктерін жақсарту көзделген. Сондай-ақ, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің қайта құрылуын кадрлық қамту, әлеуметтік қызмет көрсету бірыңғай ақпараттық жүйесін қалыптастыру, нормативтік-құқықтық базаны жақсарту мәселелері де аталған құжатта толық қамтылған. Қазіргі таңда тиісті органдардың қарауында жатқан бұл концепция келер жылдан бастап қолданысқа енеді деп күтілуде. Бүгінде аталған басқармамен 13 үкіметтік емес ұйым мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелеріне қатысты тығыз жұмыс істейді.
Облыс әкімінің мүгедектер ісі жөніндегі кеңесшісі Василий Шиманский құжаттың әлі талқыланып жатқанын, оған кез-келген тұрғынның ұсыныс білдіруіне болатынын, бұл концепцияға әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандар зор үміт артып отырғанын айтты. Өйткені, осы арқылы мүгедектер өздеріне тиесілі әлеуметтік қызмет түрлеріне, арба, гигиеналық заттар сынды басқа да қажеттіліктерге анағұрлым жеңіл, әрі уақытылы қол жеткізеді деді брифингке қатысушылар.
Ал, Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Назигүл Мананбаева ауданда мүгедектерді оңалту мақсатында атқарылып жатқан  шаралар жөнінде айтып өтті.  Аудан орталығында ашылған «Көмек беру – Благодать» күндізгі стационарына он мүгедек бала барады. Аудандағы  үш әлеуметтік пәтерде тұратын жарымжан жандарға, жалғызбасты қарттарға әлеуметтік қызметкерлер көмек көрсетеді. Концепция талқыға түскен брифинг соңы сұрақ-жауапқа ойысты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар