Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Облыстық сот төрағасы ардагерлермен кездесті - АРҚА АЖАРЫ

Облыстық сот төрағасы ардагерлермен кездесті

Облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының белсенділерімен кездесу өткізді. Кездесуде сот төрағасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген өзекті мәселелер жайында ой-пікірлерімен бөлісті. 

Тәуелсіздігін алған ширек ғасырдан астам уақыт ішінде Қазақстан ауыз толтырып айтарлықтай көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Әлемнің бәсекелестікке қабілетті елу елінің санатына қосылған мемлекетіміз болашақта озық отыз елдің қатарына қосылуды мақсат етіп отыр. Мұндай биік жетістік өздігінен келе салмайтыны белгілі. Елдің еңсесін көтеріп, өндірісін өрге бастыратын ең алдымен, адам яғни, қазақстандықтар. Осы орайда, Елбасы мақаласында елді бірлікке, татулық пен отансүйгіштікке бастайтын бағдарлар нақты көрсетілген. Бүгінгі күнге дейінгі қол жеткен табыстарымыздың бәрі көпұлтты, көп конфессиялы елімізде татулық пен бірліктің үстемдік етуінен келгені анық. Облыстық соттың төрағасы қазақстандықтарды ортақ мақсатқа біріктірудегі мемлекеттік тілдің рөлі мен маңызы жайында айтып берді. «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып, дамыту», – деп атап өтті.
Облыс соттарымен өткізілетін іс-шаралар аясында өскелең ұрпақтың рухани-мәдени білімін арттыру мақсатында кездесулер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, билерді, қазақ зиялыларын, мәдениет және өнер қайраткерлерін еске алу кештерін өткізу, мұрағаттар, мұражайлар және кітапханалармен байланыс жасауды, сонымен қатар, тарихи-танымдық байқаулар өткізу көзделген.
Досжан Әміров Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына ардагерлердің назарын аударды. Тізімге енгізуге лайықты тұлғалар біздің өңірімізде де бар. «Тәуелсіздігімізді қалыптастырып, нығайтуға нақты еңбектерімен үлестерін қосқан ардагерлеріміз аз емес. Сіздердің еңбектеріңіз бүгінгі жастарға үлгі-өнеге және  «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енгізуге лайық», – деді облыстық соттың төрағасы.
Кездесу соңында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының төрағасы Ғосман Төлеғұл облыстық соттың төрағасына кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, кездесудің маңыздылығын облыс ақсақалдары Елбасының мақаласындағы тапсырмаларды орындауға атсалысатындарымен атап өтті.
Іс-шара Ақмола облыстық сотының мұражайын көріп, тамашалаумен жалғасты.

Облыстық соттың баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар