Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Армян әйелінің «Алжирдегі» көз жасы - АРҚА АЖАРЫ

Армян әйелінің «Алжирдегі» көз жасы

Целиноград ауданындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Алжир» мемориалдық-мұражай кешенінде бір кезде осы лагерьде азап шеккен ескерткіш ашылды. Үлкен крест бейнесіндегі мұндай ескерткішті армяндар Хачкар деп атайды. 

Ескерткіштің ашылу салтанатына Ресей, Армения, Эстония, Өзбекстаннан келген армян ұлтының өкілдері қатысты.  Шараға сондай-ақ, Армения Республикасының Қазақстандағы Төтенше және уәкілетті өкілі  Ара  Саакян, консул Мгер Бадалян, Армения Республикасының Диаспора министрлігінің Орта Азия елдері бойынша армян қоғамдарымен байланыс бөлімінің басшысы Анаит Зограбян, басқа да танымал қоғам қайраткерлері қатысты. Алматыдағы армян ұлттық бірлестігінің төрағасы Альберт Погосянның  ата-анасы да қуғын-сүргінге ұшыраған екен. Біз, Ақмола облысының «Бари» армян мәдени орталығының өкілдері де осындай маңызды оқиғадан шет қалмай, хачкардың ашылуына қатыстық. Қоғамның төрағасы Норик Магламянның жәрдемдесуімен ескерткіштің салтанатты ашылуына
4 адамнан тұратын делегация жіберілді.  Ресейде және одан тыс жерлерде меценат ретінде танымал болған Грачья Погосянның ескерткішті ашудағы үлкен рөлін атап өткен артық болмас.  Ол өз бастамасымен Эстония Республикасының Сырғала селосында болып, ондағы  «Фронт Лайн» таллиндік әскери-тарихи бірлестігінің мүшелерімен бірге  іздеу жұмыстарын жүзеге асырған. Осылайша «АЛЖИР» лагерінде болған 79 армян әйеліне арналған музей-мемориалдық зиратының аймағында хачкар түріндегі ескерткіш орнату бастамасы жүзеге асты.
Бүгінгі таңда әлемде халықаралық қақтығыстар белең алып жатқанда осындай оқиғалар жақындасу жолындағы үлкен қадам болып есте қалмақ.
Светлана ЕГИКЯН,
«Бари» армян мәдени орталығы»
қоғамдық бірлестігінің
жастар қанатының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар