Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Туған жерден шабыт алған - АРҚА АЖАРЫ

Туған жерден шабыт алған

Жақында Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының  «Біз – Қазақстан халқымыз» фестивалінде жерлесіміз Николай Швец өз өнерімен ерекше көзге түсті. 

Ол өзінің «Есілдің сағасынан» атты  авторлық әнін орындап, барша жиналған қауымды туған жерге деген ыстық ықыласымен баурап алды.
Фестиваль Қазақстан халқының бірлігін сақтау және еліміздің мәдени әр алуандығының ерекшеліктерін ашып көрсету мақсатында ұйымдастырылды. «Мен осы әнім арқылы Отаныма деген зор сүйіспеншілігімді көрсеткім келді. Әндерімнің басым көпшілігі Қазақстан, оның қонақжай халқы, көз тартар көрікті табиғаты туралы», – дейді кейіпкеріміз.
Туған жерді әнге қосқан жерлестеріңіз  туралы айтып беріңіздер десеңіз, ақкөлдіктер еш ойланбастан Николай Яковлевичтің есімін ауызға алады. Себебі, ол өзінің зор дауысымен, әуелеген әндерімен тыңдарманның жүрегін әлдеқашан жаулап алған. Киелі сахнада жүргеніне биыл қырық жыл толып отыр. Ал, «Туған ауыл» атты алғашқы авторлық әнін 2008 жылы жазып, осы туындысымен Новорыбинка ауылының 120 жылдығына арналған байқауда жеңімпаз атанды. Содан бері әндерінің сөзін өзі жазып келеді. Бүгінде олардың саны елуден асады.
Елордамыздың төрінде ән шырқап, басқа да этномәдени бірлестіктердің көркемөнерпаздарымен қатар өнер көрсеткеніне ақкөлдік қария дән риза. «Күш қуатым барда, Қазақстаныма әндерімді арнай беремін, халықтар достығының нығаюына үлесімді қосамын», – дейді ол.   
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.
Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар