Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алтыншаштың қолы алтын - АРҚА АЖАРЫ

Алтыншаштың қолы алтын

«ЕПК Степногорск» акционерлік қоғамының подшипник зауытында ұжым құрметіне бөленіп жүрген Алтыншаш Есімова іргелі кәсіпорында өз еңбегіне сай орны бар,  кәсіби білікті маман.

 

Кешегі өтпелі кезеңнің өкпек желі тоңдырған талай қыз-келіншек базар жағалап, отбасын асырағандығы елдің есінде. Отбасының қамы, шаңырақтың бүтіндігі үшін сондай бейнетті қайыспай көтерген нәзік жандылар еліміздің индустрияландыру бағытындағы атқарылып жатқан ауқымды шаруаларына да белсене қатысып, өнеркәсіп саласында ерлерден қалыспай еңбек етуде.  
Алтыншаш үш баланың анасы. Ұзақ уақыт жұмыс істемей, үйде отырып, қызы мен ұлы Әсемгүл мен Даниярдың тәрбиесімен айналысты. Ол жұмысқа орналасу жөнінде жиі ойлайтын. Подшипник зауытында жұмыс істейтін көптеген таныстары мен туыстары, қайын ағасы мен абысыны өз кәсіпорындары жөнінде жылы лебіздер айтып, Алтыншаштың 2007 жылы осы зауытқа жұмысқа орналасуына себепкер болды. Токарьлық цехтың операторы жұмысын ұсынғанда бірден келісті. Бұл мамандық негізінен ер адамдардың жұмысы болып есептеледі екен. Цехта Алтыншаштан басқа екі әйел жұмыс істейді, қалғандары ер адамдар. Алғашында бригадир Хватовтың шәкірті болып, өз мамандығының қыры мен сырын меңгерді. Алтыншаш деталь өңдейтін жартылай автоматты станоктарда еңбек етеді. Ауысымына 600-700 шайбаны өңдеу қажет. Кейін ол біліктілігін арттырып, 1200-1600 шайба өңдейтін болды. Оның үстіне әр шайбаны аспаптармен тексеріп, өзіне-өзі жіті бақылау жасады.
– Сапасыз деталь өңдедің деген сөзді естімеппін. Жауапкершілікті жаным сүйетіндіктен, әр шайбаны өзім тексердім. Мені осыған үйретті. Бала күту демалысына шықпасам, оператор болып жұмыс істер едім. Екі жыл 8 айдан кейін жұмысқа шыққанда, токарьлық станоктарда тек қана ер адамдардың жұмыс істеп тұрғанын көрдім. Маған токарьлық цехта сұрыптаушы жұмысын ұсынды,–дейді Алтыншаш.
Әйелдер атқаратын сұрыптау жұмысы кез келген ер адамның қолынан келе бермеуі де әбден мүмкін. Сұрыптаушының міндетіне подшипниктің жүзігін және оны геометриялық өлшем бойынша жүз пайыз тексеру кіреді. Әйелдер күніне мыңға жуық жүзікше сұрыптайды. Жұмысты жеңіл деп айта алмас едіңіз. Алтыншашты бұл жұмысқа Қымбат Есімова мен Ольга Миллер үйретті. Бүгінгі таңда ол үшінші разрядты сұрыптаушы. Өз тәжірибесін жастармен бөліседі. Әйелдер жүзікшені тексерумен бірге кассетаның тобына роликтер жинайды, әртүрлі детальдардың араласып кетпеуін бақылайды. Мұның бәрі еңбексүйгіш әйелдердің тиянақты қолымен атқарылады. Әр кассетаның салмағы 8-10 келі тартады. Сөйтіп, күніне жүздеген кассета көтеруге тура келеді.
–Алтыншаш сияқты әйелдердің арқасында жұмысымыз алға басуда. Олар өз міндеттерін барынша жауапкершілікпен атқарады,–дейді деталь сұрыптаушылар жетекшісі Олег
Засименко.
Алтыншаш болса, қарапайым, өз еңбегін айтқаннан да өзге адамды мақтауға тырысатын жан. Ол өзгені жан дүниесінің байлығына қарап бағалайды. Балаларына да тамаша тәрбие берді. Қазір қызы қалалық прокуратурада, ұлы әкесімен бірге «Қазақалтын» акционерлік қоғамында жұмыс істейді. Ұлы Расулдың тәрбиесімен айналысып, үйінде отыруына да болар еді. Күйеуі де талай рет айтқан. Алтыншаш өз ұжымынан кеткісі келмеді. Өмірін жұмыссыз, зауытсыз елестете алмайды.

Рамазан Тілеуов.

Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар