Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бурабайда Ботай мәдениеті жаңғырады - АРҚА АЖАРЫ

Бурабайда Ботай мәдениеті жаңғырады

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин  «Қазақстанның қасиетті жерлері» жобасын қалыптастыруға орай, тарих ғылымының докторы, археолог В.Зайбертпен және «Equus» деректі кино трилогиясының продюсері Н.Баймұқановпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар «Қазақстанның қасиетті жерлері» жобасына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Облыс әкімдігі ғалымдармен бірлесе отырып, Бурабайда Ботай мәдениетінің мұрасын  қалыптастырмақ.  
Тарихшы, ғалым В.Зайберт Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай өңірлері біздің эрамызға дейінгі алтыншы мыңжылдықтан бастау алатын тағылымды тарихи оқиғаларға толы екендігін атап өтті.
–Тура осы өлкелерде ат-көлік коммуникациясының дәуірі басталып, дала өркениеті өріс жайған. Осының барлығы көне Ботай мәдениетімен тығыз байланыста. Біздің Елбасымыз өзінің бағдарламалық мақаласында бұл мәселеге айрықша көңіл бөліп отыр. Олай болатын себебі, ауқымды экономикалық процестердің жетегінде жүрген біз басты рухани құндылықтарымызды ұмытып кете береміз. Бірлесе жүргізетін жобаның мақсаты – күллі әлемге біздің ел тарихын әйгілеу,–деді ол.
Ботай мәдениетін қалпына келтіру жобасына продюсер Нұрбол Баймұқанов та атсалыспақ. Оның айтуына қарағанда, адамзат тарихындағы жылқыны үйрету, шаруашылыққа пайдалану сәтінен бастау алатын осы бір кезең үлкен тарихи мәнге ие. Бұл жайға туристердің де назары ауатын болады.
Облыста «Equus» деректі кино трилогиясының түсірілгендігін айта кеткен ләзім. Онда әлемде тұңғыш рет Қазақстанның солтүстік өңірінде тұлпардың тізгінделгені, атқа ер салынғандығы баяндалады. Бұл фильм әлемнің 60 елінде бір миллиардтан астам адамға көрсетіледі деп жоспарлануда.
Кездесу барысында Щучинск-Бурабай курортты аймағына туристерді тарту мәселелері де талқыланды. Облыс әкімі өз кезегінде туристерді тартуға бар мүмкіндіктің жұмылдырылатынын айтып өтті.
–Щучинск-Бурабай курортты аймағы әсем табиғатымен ғана емес, біздің еліміздің өзіміз мақтан тұтатын тылсым тарихымен де көрікті, – деп түйіндеді облыс әкімі өз сөзін.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар