Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы «Қоғамдық келісім» қорының қолдауыменен облыстық татар-башқұрт ұйымы Достық үйінде «чак-чак» мейрамын өткізді.
Аталмыш мерекені тойлау туралы ұсыныс 2008 жылы өткен бүкіл әлемдік татар жастарының форумында алғаш рет айтылған еді. Міне, содан бері бұл мейрам Көкшетау қаласында дәстүрлі түрде тойланып келеді.
Мерекенің биылғы іс-шаралар бағдарламасы қызықты етіп ұйымдастырылған. Әсіресе, «Татарочка-кулинарочка» конкурсын атап өтуге болады. Сонымен қатар, татар-башқұрт орталығының өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама, сахналық қойылымдар, ұлттық тағамдарды насихаттап дәріптейтін сатылым көрмесі көпшіліктің көңілінен шықты.
Қымбат-Ай ТОЙЛЫБАЙ.
Суретте: іс-шарадан көрініс.