Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
1 қазан – Мұғалім күні - АРҚА АЖАРЫ

1 қазан – Мұғалім күні

Ақмола облысының әкімі  Мәлік Мырзалиннің  құттықтауы

Құрметті мұғалімдер және білім саласының ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің ізгілікті еңбектеріңіз қоғамда лайықты құрметке ие болып келеді. Біздің еліміздің келешегінің зияткерлік және адамгершілік негіздерін Сіздер қалыптастырасыздар.
Жаһандық бәсекелестік жағдайларында Елбасы Н.Ә.Назарбаев адам капиталының сапасын жақсартуды Қазақстанның үшінші жаңғыртуының басым бағыттарының бірі деп атап көрсетті. Бүгінгі таңда мемлекет білім сапасын арттыру, оны әлемдік стандартқа сәйкес келтіру үшін қолдан келген барлық жағдайды жасауда. Ақмола облысы өзінің талантты және біліктілігі жоғары педагогикалық қызметкерлерін орынды түрде мақтан тұтады.  Олар жылдам өзгеріп жатқан әлемде жаңа іргелі білімдерді қолдануға қабілеті мол құзыретті, әлеуметтік жағынан жинақы жас адамды тәрбиелеу жөнінде алға қойылған міндеттерді табысты шеше білуде.
2016-2017 оқу жылының қорытындылары бойынша облыс мектептерінің оқушылары халықаралық және республикалық конкурстарда 72 медальға ие болды. 215 түлек «Алтын белгі» белгісінің иегері атанды. 108 түлек үздік аттестатқа қол жеткізді. Мұндай көрсеткіштер олардың тәлімгерлерінің кәсіби шеберлігінің, қажырлы еңбегі мен өз ісіне шын берілуінің арқасында мүмкін болды.
Біздің облыста 158 педагог «Халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгісімен атап өтілген, 95 мұғалімге «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағы берілсе, 71 оқытушы Ыбырай Алтынсарин медалімен марапатталған. Бұл наградалар облыстың барлық мұғалімдер қауымдастығының отандық білім беру жүйесін дамытуға сіңірген еңбегінің шынайы бағасы болып табылады.       
Қымбатты мұғалімдер! Осы бір айтулы күні сіздердің таңдап алған  мамандықтарыңызға адалдықтарыңыз үшін шынайы алғыс сөзімді қабыл алыңыздар. Әсіресе, жас ақмолалықтардың бірнеше ұрпағын тәрбиелеген педагогикалық еңбектің ардагерлеріне айрықша ризашылығымды білдіргім келеді. Сіздерге зор денсаулық, өмірдің бар жақсылығын, Қазақстан Республикасының игілігі жолында сарқылмас күш-жігер мен жаңа табыстар тілеймін!

 

Қазір облыста 584 мектеп бар. 22 мыңнан астам педагогтар қызмет етеді.
Биыл жергілікті бюджеттен 20 кабинет алуға 77 миллион теңге қаржы бөлінді. 1 миллиард теңгенің жаңа оқулықтары сатып алынды.
Мектептердің 88 пайызы «Интернет» желісіне қосылған.
Мектеп оқушылары үш тілде жүргізілетін  40 мыңнан астам цифрлық сабақтарға,  1 миллиондай мультимедиалық материалдарды пайдалана алады.
Облыс әкімі келесі жылдың бірінші тоқсанында мектептерге 20 автобус сатып алу жөнінде тапсырма берді.

 

Құрметті білім саласының қызметкерлері!
Облыстық депутаттық корпустың атынан барша ұстаздар қауымы мен білім саласының ардагерлерін мерейлі мереке – Мұғалім күнімен шын жүректен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, ізгілік пен игілік, бақыт мен мол қуаныш тілеймін!
Ұстаз – ұлағатты ұғым. Өңіріміздегі жақсылық атаулының барлығы ұстаздар есімімен байланысты. Қажырлы еңбек арқылы білім көшін алға тартып келе жатқан ұстаздар қауымына деген құрмет қашан да арта бермекші! Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім нәрімен сусындатуда қажымас еңбектеріңіз бен төзімділіктеріңіз үшін Сіздерге шексіз алғыс білдіремін.
Бүгінде мемлекет білім беру саласын дамытуға барлық жағдайды жасауда. Өңірімізде жыл сайын жаңа мектептер салынып,  балабақшалар ашылуда, білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда.
Алдағы уақытта ел алдында атқарып отырған жауапты еңбектеріңіз жемісін беріп, алға қойған мақсаттарыңызға қол жеткізесіздер деп сенемін.  
Денсаулықтарыңыз мықты, еңбектеріңіз жемісті, бақыттарыңыз баянды болсын!
Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар