Асылжан Исабаева – Көкшетау қаласындағы №13 «Экос» мектеп гимназиясының жоғары санатты, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Ол білім саласында отыз үш жыл қажырлы еңбек етіп келеді. Білікті маманның білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру ісіндегі табыстары, кәсіби шеберлігі мен педагогикалық үрдістегі жетістіктері бағаланып, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған. Бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлікпен мыңдаған шәкірт жүрегіне білім шамын жаққан ұлағатты ұстаздың оқушылары талай дүбірлі білім сайыстарында үздік білім нәтижесімен өз қатарластарынан оқ бойы озық көрініп, облыс мерейін асырып жүр.