Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бақылау күшейеді - АРҚА АЖАРЫ

Бақылау күшейеді

Облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Мәлік Мырзалин Бурабайда өткен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестер мен партиялық бақылау комиссиялары жұмысының тиімділігін арттыру әдістері»  атты республикалық семинар-кеңеске қатысты. 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, жемқорлықпен күрес бойынша «Нұр Отан» партиясы жанындағы республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Жанат Жарасовтың жетекшілігімен өткен іс-шара барысында республика бойынша жемқорлықпен күрес жұмыстарының жай-күйі мен алдын алу шаралары жан-жақты талқыланды.
Сондай-ақ, отырыста «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы мен Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында көрсетілген бесінші басымдықтың жүзеге асырылуы мен оның нәтижелері сөз болды. Басқосуға облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Мәлік Мырзалин, Парламент депутаттары, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев, мемлекеттік органдардың өкілдері, партия жанындағы қоғамдық кеңестер мен партиялық бақылау комиссияларының мүшелері қатысты.
– Елбасымыз өз Жолдауында елімізде жемқорлық деңгейін төмендету бойынша айтарлықтай жұмыс істелгенін айтып, алдағы уақытта да осы бағыттан таймай, бұл індеттің салдарымен күресті күшейтуді тапсырғаны белгілі. Сондықтан, арқаны кеңге салмай, бұл бағытта жұдырықтай жұмылуымыз керек, – деді өз сөзінде партия хатшысы Жанат Жарасов.
Өз кезегінде облыс әкімі Мәлік Мырзалин сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның салдарымен күрес бағытында өңірде атқарылған жұмыстар жайына кеңінен тоқталып өтті. Дегенмен, облыста жемқорлықпен күрес жұмыстары қарқынды жүргізілгенімен кейбір көрсеткіштер әлі де көңіл көншітпейді. Республикалық семинар-мәжіліс болғандықтан еліміз бо-
йынша мемлекетттік қызметте отырған партия мүшелерінің арасында да Әдеп кодексіне қайшы әрекеттерге жол бергендер де сөз болды. Мәселен, бір жыл ішінде 123 партия мүшесіне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Сондықтан, семинар-кеңес барысында партиялық бақылау жұмысын жетілдіру және күшейтуге қатысты ұсыныстар айтылды. Оған қоса, қоғамдық кеңестер мен партиялық бақылау комиссияларының мүшелері жемқорлықтың алдын алу және ескерту, оған қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру керектігіне ерекше көңіл бөлді.
Отырысқа қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген іс-шаралардың нәтижесі өңірлік және аумақтық деңгейде лайықты бағаланбауы мен тиісті шешімдерді қабылдау кезінде сарапшылар пікірінің еленбеуі осы бағыттағы жұмыстардың тиімділігіне кері әсерін тигізіп жатқанын айтты. Осыған орай, Қоғамдық кеңес мүшелері тиісті органдарға бағдарламаны жүзеге асыру барысына партиялық бақылауды күшейту керектігін тапсырды.

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар