Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекетшіл болу – әр жастың міндеті - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекетшіл болу – әр жастың міндеті

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин жас мемлекеттік қызметшілердің «Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» атты өңіраралық форумына қатысып, жастардың өз мақсаттарына жету жолында адал еңбек етуі, жауапкершілік пен табандылық, ізгілік пен адамгершілік танытуы керектігі туралы ой-пікірлерімен бөлісті. 

Екі күнге созылған форумның негізгі мақсаты – жас қызметшілердің қоғамдық-әлеуметтік маңызды игі бастамаларын ынталандырып қолдау және мемлекеттік қызметтің ел дамуындағы алатын орнын, оның жауапты әрі абыройлы қызмет екендігін насихаттау. Өңіраралық форумға Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары мен Астана қаласының мемлекеттік жас қызметшілері қатысты.
Форумның алғашқы жарты күнінде үш секцияға бөлінген жастарға Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің, облыстық мәдениет басқармасының басшылары Берген Беспалинов пен Сәуле Бөрібаева, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елубаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабылеттілік», «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар», «100 нақты қадам – Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы» тақырыптары шеңберінде дәрістер оқып, секциялық жұмыстарды жүргізді.
Аталмыш форумның негізгі бөлімінде облыс әкімі Мәлік Мырзалин, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов, Степногорск қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев, мемлекеттік қызметтің ардагері Марат Құлмағамбетов өздерінің іс-тәжірибелерімен  бөлісті.
– Мемлекеттік қызметшінің өз қызметінде белгілі бір нәтижеге қол жеткізуі үшін ең алдымен, көздеген нақты мақсаты, арманы болуы керек. Оны алға жетелейтін арманы болмаса, ол мемлекеттік қызмет жолында биік нәтижелерге қол жеткізе алмайды. Екіншіден, әркім осы мемлекеттік қызмет жолындағы өз күш-мүмкіндіктерін, білімін жете пайдаланулары қажет, – деді өз сөзінде облыс әкімі.   
Еркін форматта өткен форумда сөз алған Степногорск қаласының әкімі Әнуар Күмпекеевтің де өзінің іс-тәжірибесімен бөліскен сәті тартымды шықты әрі жастарды бірден қызықтырып әкетті.
Кеше өңірлерден келген мемлекеттік жас қызметшілерді Бурабай ауданының сакральді географиясымен таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастырылып, олар хан Абылайдың алаңында, этноауылда, Кенесарының үңгірінде болып, республикалық мұражайдың көне жәдігерлерін тамашалады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар