Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заман талабына сай өзгерістер көп - АРҚА АЖАРЫ

Заман талабына сай өзгерістер көп

Құқықтық демократиялық зайырлы қоғам орнату жолын ұстанған Қазақстанда заңдылық пен құқықтық тәртіпті орнықтыруда үлкен қызмет атқаратын әділет органдарының рөлі зор. Уақыт талабына сай өзгерістер мен жаңалықтарды әрдайым өз қызметіне енгізуге жете көңіл бөлетін әділет қызметінде қандай жаңалықтар мен оң өзгерістер орын алып жатыр? Газетіміздің тілшісі Ақмола облыстық әділет департаментінің басшысы Анатолий Дермановскиймен сөйлесіп, әділет органдарындағы жаңалықтар мен өзгерістер, атқарылып жатқан жұмыстар жайында ой бөліскен еді. 

– Анатолий Иванович, әділет органдарындағы соңғы кезде енгізіліп жатқан өзгерістер жайында не айтар едіңіз?
– Жұмысты оңтайландыру және оның икемділігін арттыру мақсатында АХАЖ саласы қызметі жергілікті атқарушы органдардың басқаруына берілгені белгілі.  АХАЖ қызметін «Азаматтарға арналған Үкімет» коммерциялық емес АҚ-ы арқылы электрондық нұсқада жүргізуге арналған қанатқақты жоба қолға алынуда. Осының арқасында қызмет көрсету мерзімі бұрынғы 3 жұмыс күнінен  3 сағатқа дейін қысқартылды. Яғни, азаматтар туу немесе өлім туралы тіркеу, некені бұзуды тіркеу сияқты қызметтерді небары үш сағаттың ішінде жүзеге асыра алады. Сонымен бірге, аумақтық әділет органдарының құзырында болып келген жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу қызметі «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының құзырына берілді.
Сондай-ақ, нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу тәртібінде де біршама өзгерістер бар. Атап айтқанда, тіркеу жөніндегі арызды қарау мерзімі және тіркелу үшін ұсынылған құжаттар тізбесі біраз ықшамдалды. Сонымен бірге, ендігі арада нормативтік-құқықтық актілер тіркелместен бұрын интернет-порталға орналастырылып, жұртшылықтың талқылауына ұсынылатын болды. Қазіргі күні Бағалау палатасының қызметін Қаржы министрлігінің құзырына беру мәселесі қарастырылуда.  
– Азаматтық хал-актілерді жазу қызметі жергілікті атқарушы органдарға беріліп, әділет органы оны бақылауды жүзеге асыратын болды. Осы жаңа функцияны орындау қалай жүргізілуде?
– Қазір әділет органдары азаматтық хал-актілерін тіркеу қызметін бақылап, осыны жүзеге асыратын жергілікті органдарға әдістемелік, құқықтық көмек көрсетеді. Осы орайда, жергілікті атқарушы органдардың бұл жаңа міндетті орындау барысында неке-азаматтық заңнамаларды сақтауы жөнінде тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп отырады. Бұл қызметпен айналысатын мамандар әділет органдарынан үнемі тәжірибеден өтіп тұрады. Сонымен бірге, Минск және Кишинев конвенцияларына сай, шет елдерден құжаттарды талап ету қызметі де үнемі әділет органдарының бақылауында ұсталады. Азаматтық хал-актілерін жазу қызметі жергілікті органдарға берілгендігіне қарамастан, осылайша әділет органдары бұл қызметтің заң шеңберінде талапқа сай атқарылуын үнемі бақылауында ұстап, осы жаңа функциясын атқарушы биліктің өз деңгейінде орындауына қолдан келгенше көмек көрсетіп отырады.
– Сіздердің қызметтеріңіздің бір маңызды саласы жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың дайындаған нормативтік-құқықтық актілерінің заңдық негіздеріне сараптама жасау екендігі белгілі. Осы бағыттағы атқарып жатқан жұмыстарыңыз туралы айтсаңыз.
– Ең алдымен, дайындалған нормативтік-құқықтық актілер еліміздің қолданыстағы заңдарына сәйкес болуы және жемқорлыққа жол ашпауы тиіс. Егер құжат осындай талаптарға сай болса, онда нормативтік-құқықтық актілер мемлекеттік  тіркеу тізіліміне алынып, тиісті нөмір беріледі.  Жергілікті өкілетті және атқарушы органдар қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілер әлеуметтік маңызды мәселелерге қатысты болғандықтан, азаматтардың құқықтарына зиян тигізбеуі қадағаланып, сапасына терең мән беріледі. Шағын кәсіпкерлік нысандарына қатысты құжаттар болса, онда Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының сараптамасының көшірмесі болуы талап етіледі.
– Зияткерлік меншік құқығын қорғау және тауар белгілерін заңсыз қолдануға қарсы күрес бағытында қандай шаруалар атқарылуда?
– Зияткерлік меншік құқығын қорғау үшін ең алдымен, бұл мәселені халыққа түсіндіру қажет. Өкінішке орай, зияткерлік меншікке қатысты заң талаптары жиі бұзылып жатады. Оның негізгі себебі, адамдардың заңды дұрыс білмеуінен. Осыған орай, әділет органдары зияткерлік меншікке қатысты насихат жұмыстарына жете көңіл бөледі. БАҚ арқылы мақалалар жазып, телехабарлар ұйымдастырылып тұрады. Биылғы жылдың басынан бері әділет департаментіне тауар белгілеріне қатысты заң бұзушылық жөнінде үш шағым түсті. Заң бұзған екі оқиғаға қатысты сот шешімі шығарылып, әкімшілік жаза қолданылды. Ал, бір материал соттың қарауында.
– Сот орындаушылық өндірісі де әділет органдарының құзырына берілген еді. Сот орындаушылық саласында қандай жұмыстар атқарып жатырсыздар?
– Сот шешімінің орындалуы аса күрделі мәселе болып отыр. Жасыратыны жоқ, мүмкіндіктері бола тұра сот шешімін орындаудан жалтаратындар, әсіресе, алиментке қатысты істер де көптеп кездесіп жатады. Біз осы бағыттағы шет елдік тәжірибелерді зерттеп, оның тиімді жақтарын қабылдауға жете көңіл бөлеміз. Жеке сот орындаушылары институтының енгізілуі бұл саладағы қордаланып қалған көп мәселелерді шешуге игі ықпалын тигізуде. Жеке сот орындаушылары өз жарналарын тек сот шешімдерін толық орындағаннан кейін ғана алады. Бұл олардың сот шешімдерін орындауға мүдделі болуына себепші болады. Қазіргі күні облыс аумағында 72 сот орындаушысы бар. Оларға  59732 іс берілсе, бүгінге дейін оның 21264-і толық аяқталды.
– Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбатты жүргізген  Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар