Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық бірегейлік сақталады - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық бірегейлік сақталады

Жазуды реформалау – қоғамдық сананы жаңғыртудың берік іргетасын қалайды.  Соның нәтижесінде жалпы қазақстандық ұлттық бірегейлік нығаяды, еліміздің бәсекеге қабілеттілігі артады, ұлттық мәдени сананың ашықтығы, ғылым, инновация саласында әлемнің алдыңғы қатарлы тілдерімен ықпалдасуы артады деп есептеймін. Ол өз кезегінде ғылым, білімнің жаһандық жүйесіне, прогресске жол ашады. 

Ең бастысы – лингвистика ғылымы тұрғысынан алғанда – қазақ тілінің өзіндік ерекшелігін сақтауға көмектеседі. Латын графикасына негізделген жаңа әліпби қазақ тілінің дыбыстық табиғатына сәйкес келеді. Шынын айту керек, кирилл жазуы тіліміздің дыбыстық, грамматикалық жүйесіне біраз кері әсерін тигізді. Мысалы: самауыр, бәтеңке, кереует тағы басқа кирилл жазуы енгізілгенге дейін орыс тілінен енген сөздер қазақша дыбысталуына сәйкестеніп алынып еді.  Бірақ, 1940 жылы әсіресе, 1957 жылы қабылданған емле ережелері бойынша, орыс тілінен енген сөздер өзгертілмей сол күйінде жазылуы керек болды: милиция, станция, трактор деген тәрізді.
Латын графикасына көшу арқылы бұл кемшіліктер жойылады. Бұл әліпбиді әлемнің 80 пайызы пайдаланады. Демек, ол – халықаралық қатынас әліпбиі деген сөз. Осы тұрғыдан, қазақ әліпбиін латын графикасына негізделген әліпбиге көшіру арқылы әлемдік тілдік кеңістікке еркін ене аламыз. Ол дегеніңіз қазіргі дамыған технологиялық ортаға өтудің алғышарттарын жасайды, білім, ғылымның дамуын жаңа деңгейге көтереді.
Жаңа жазу елімізде ұлттық бірегейлікті сақтауға көмектеседі, отандастарымыздың мемлекеттік тілге деген құрметі нығайып, оны үйренуге, меңгеруге деген ықыласы артады. Жазуды латыншаға көшірудің тағы бір артықшылығы – шет елдегі қазақ диас-порасына тілді қолдануда кең мүмкіндік береді. Тіпті, басқа шетелдіктер үшін де қазақ тілі мен мәдениетін үйренуді, меңгеруді жеңілдетеді. Бүгінгі күні латын әліпбиі дүние жүзінде ақпараттық технологияның даму көрсеткішін белгілейді. Ол қазіргі заманның ең қажетті дүниесі – интернет жүйесінде пайдалануға өте қолайлы. Әлемде интернет жүйесі тұтастай латын алфавитінде жұмыс істейді. Бүгінгі жаһандану кезеңінің негізін құрайтын сапалар: қарапайымдылық, қолжетімділік, әмбебаптық қасиеттер болса, латын әліпбиі соған қол жеткізеді. Қазіргі тез, өзгергіш, жылдам ақпараттар тасқыны  заманында бұл әсіресе, экономика саласы үшін өте маңызды.
Сөйтіп, латын графикасын пайдаланудың, соған көшудің әлеуметтік, экономикалық, ғылыми, тарихи, мәдени зор мәні бар.
Бердібай ШАЛАБАЙ,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар