Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының бастамасымен шағын футболдан өткен облыстық біріншілікте қорғалжындық спортшылар үздік нәтиже көрсетіп,
жеңімпаз атанды.
Мұндай жарыстар республика бойынша еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылып жатыр. «Ұлы дала жастары» деп аталатын турнир облыс орталығы Көкшетау қаласында да өтті. Спорттық шараға өз аудандарында жүлделі орын алған он бес команда қатысты.
Турнирдің салтанатты ашылуына ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша өкілі, Науан Хазірет мешітінің бас имамы Қуаныш Сәбит қатысып, спорттың шариғатта алатын орны жайында әңгімелеп берді.
Қажымұқан атындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебі мен «Триатлон» спорт кешенінде өткен жарыс тартысты өрбіді. Барлық командалар ойын барысында жарысқа тас-түйін дайын екендіктерін көрсетіп, бағы жанған төрт команда жартылай финалға шықты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.