Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жүректеріне жол табамыз - АРҚА АЖАРЫ

Жүректеріне жол табамыз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі «Алтынтау» деп әсем атау берген серіктестік еліміздегі теңдесі жоқ алтын өндіретін ірі алпауыт кәсіпорындардың бірі.

Облысымыздың дамуына айтарлықтай қомақты үлес қосып, бюджетке ірі көлемде қаржы аударып отырған кәсіпорын Мемлекет басшысының Жолдауында міндеттелген әлеуметтік мәселелердің оң шешілуіне зор үлес қосуда. Комбинатта қалыптасқан тамаша дәстүрлердің бірі – ардагерлер кеңесімен үйлесімді жұмыс жүргізу. Қазіргі таңда біздің есебімізде 173 зейнеткер бар. Оның 16-сы Еңбекшілдер ауданының орталығы Степняк қаласында тұрады. Олар кезінде сол аудан орталығындағы шахтада маңдай терін төгіп, еңбек еткен зейнеткерлер. Ал, қалған 157 зейнеткер Көкшетау қаласы мен оған іргелес елді мекендерде тұрып жатыр.
Жыл сайын Қарттар күніне және Наурыз, Жеңіс күні мейрамдарына орай мерекелік шаралар өткізіп, ардагерлерімізді шақырып, құрмет көрсетеміз. Ақшалай және бағалы сыйлықтар үлестіреміз. Ал, жүріп-тұруы қиын ардагерлерге тиесілі материалдық көмекті үйлеріне апарып береміз. Сөйтіп, біз кәсіпорынның мерейін өсірген ардагерлерімізді ешқашан назардан тыс қалдырмаймыз.  Кәсіподақ комитеті мен ардагерлер кеңесі әрдайым олармен байланыстарын үзбейді.
Биылғы жылы да ардагерлерімізге тиісті дәрежеде көмек көрсетіліп, жағдай жасалады деген ойдамыз. Осы орайда, Қарттар күніне қаладағы ірі  мейрамханалардың бірінде салтанатты жиын өткізіледі. Түскі ас беріліп, Көкшетау қаласындағы №17 орта мектептің жас көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылмақ.
Әр зейнеткерге 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде кәсіпорын қаржысынан ақшалай көмек көрсетілетін болады.

Әнуарбек ӘЛЕНОВ,
«Алтынтау»   серіктестігі кәсіподақ комитетінің төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар